• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Шығыс Қазақстан облысында энергетикалық ұйымдардың жылыту маусымына дайындығы тексерілді

ҚР Энергетика министрлігінің басшылығы Шығыс Қазақстан облысының өкілдерімен бірлесіп, Өскемен ЖЭО мен Риддер ЖЭО-ның алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді.

 

Тексеру барысында энергетикалық ұйымдардың басшылары жылыту маусымына дайындық жұмыстары туралы есеп берді, сондай-ақ энергетикалық жабдықтарды кеңейту және жаңарту жоспарлары туралы айтты.

 

«Риддер ЖЭО»  АҚ – Риддер қаласындағы жылу энергиясының жалғыз көзі болып табылады. Сондай-ақ акционерлік қоғамның меншігінде Риддер қаласының жылу желілері бар. Электр станциясы өндірген жылу энергиясы тұрғын үй-коммуналдық сектордың және «Казцинк» ЖШС өнеркәсіптік кәсіпорындарының жүктемесін жабады.

 

«Риддер ЖЭО» АҚ-да 6 қазандық пен 4 турбина орнатылған. 2022 жылы 1 қазандықты күрделі жөндеу және ағымдағы жылы 5 қазандық пен 4 турбинаны жөндеу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 3 қазандық пен 4 турбинаның ағымдағы жөндеуі аяқталды. Сондай-ақ 2022 жылы 1,9 км жылу желілерін ауыстыру жоспарланған, оның 800 метрі ауыстырылды. Жалпы, электр станциялары мен жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын алдағы жылыту кезеңі басталғанға дейін аяқтау жоспарлануда. «Риддер ЖЭО» АҚ қуаты 30 МВт болатын бұрын істен шыққан турбоагрегатты ауыстыруды жоспарлап отыр. Іске асырылып жатқан инвестициялық жоба электр станциясы жұмысының сенімділігін және тұтынушыларды жылумен жабдықтау сапасын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

 

Тексеру қорытындысы бойынша Өскемен ЖЭО-да барлық қажетті жөндеу жұмыстары графикке сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Электр станциясында 9 қазандық және 8 турбина орнатылған. 2022 жылы 2 қазандық пен 3 турбинаны күрделі жөндеу, 7 қазандық пен 5 турбинаны ағымдағы жөндеу жоспарланған болатын.

 

Өскемен ЖЭО-ның негізгі өндірістік қызметі электр және жылу энергиясын өндіру болып табылады. Станция өндірген жылу энергиясы Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық секторы жүктемесінің 60%-дан астамын жабады, сондай-ақ «Казцинк» ЖШС және «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ сияқты ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды жылу энергиясымен қамтамасыз етеді.

 

ҚР Энергетика министрлігімен 30.01.2021 жылы жасалған инвестициялық келісім шеңберінде Өскемен ЖЭО-да №16 жаңа қазандықтың құрылысы және қуаты 130 МВт және 240 Гкал/сағ ескірген турбоагрегатты ауыстыру жүргізілуде. Жобаны іске асыру тұтынушыларға жылу энергиясының тапшылығын төмендетуге, ал электр генерациясын ұлғайту электр энергиясының басқа көздерден ағынын азайтуға мүмкіндік береді.

 

Объектілерді аралау қорытындысы бойынша Энергетика министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының басшылығы алдағы жылыту маусымына сапалы дайындық жүргізу туралы тапсырмалар беріп, тұтынушыларды энергиямен үздіксіз қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

  • 31.08.2022
  • 380
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика