- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2022 ж. 01-06 қыркүйек аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*
Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,33м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,07м-ден 28,69м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,71м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,43м-ден 29,09м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2022 ж. 25-31 тамыз аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,50м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,11м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,94 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,57 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,30 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,05м-ге сәйкес келді.
- 02.09.2022
- 229