• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ералы Тоғжанов Ақтөбедегі құрылыс және жол жөндеу жұмыстарымен танысты

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтөбедегі жол құрылысының маңызды жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты, сондай-ақ Есет батыр атындағы тұрғын үй алабының 4-шағын ауданындағы құрылысы ұзаққа созылған мектепте болды.

 Атап айтқанда, облыс басшысы "Ақтөбе-Қандыағаш" автожолын реконструкциялау барысын тексерді. Жобада жолды 4 жолаққа дейін кеңейту, көпірлер, мал өткелдері және теміржол арқылы өтетін жол өткелдерін салу қарастырылған. Нысан 2023 жылы пайдалануға беріледі. Қараша айында автожолдың асфальтталған екі жолағы бойынша қос бағытқа жол ашу жоспарлануда. ​ Сондай-ақ, облыс әкімі 41-разъезд ауданындағы Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолының қайта құрылысымен танысты.  Ералы Тоғжановтың тапсырмасы бойынша аталған учаске арқылы жол жүру жыл соңына дейін ашылады.

Елек өзені арқылы өтетін көпірден "Ақтөбе-Орск" (Ақжар тас жолы) автожолына дейінгі жолды қайта жаңғырту жалғасуда. Жөнделетін учаскенің ұзындығы - 9,2 шақырым.  Жолды 4 жолаққа дейін кеңейтетін қайта құру жұмыстары 2023 жылы аяқталуы керек.  Келесі жылы ұзындығы 38,2 шақырым болатын "Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк" автожолының орташа жөндеуі аяқталады. Облыс басшысына жұмыстардың кесте бойынша жүргізіліп жатқаны баяндалды.

 Жұмыс сапары "Ақтөбе қаласының батыс айналма жолы" автожолының құрылысымен танысумен жалғасты. Ұзындығы 8,3 шақырым болатын бұл магистраль "Самара-Шымкент" және "Ақтөбе-Мәртөк - РФ шекарасы" трассаларын жалғайды. Айта кетейік, жобаны жүзеге асыру үшін 2000 тонна битум сақтайтын асфальт-бетон зауыты салынады, бұл битумды қыста, сұраныстың төмендеген кезінде сатып алуға мүмкіндік береді.  Сонымен қатар облыс әкімі Тәуелсіздік даңғылындағы автожолды 8 жолаққа дейін және Батыс-2 шағын ауданындағы М.Шоқай көшесіндегі жолды 6 жолаққа дейін кеңейту жұмыстарымен танысты. Ішінара көлік қозғалысы үшін ашылған жолдарды қайта құру жоспар бойынша жүргізілуде. Жол құрылысының барысымен танысудың қорытындысы бойынша өңір басшысы мүдделі мемлекеттік органдар мен мердігер ұйымдарға бірқатар тапсырмалар берді. Ол барлық нысандарда битум тапшылығы байқалатынын және бұл мәселені бірінші кезекте шешу қажеттігін атап өтті.

 "Барлық жобалар мен мердігерлер бойынша өзекті жұмыс кестесі жасалып, қатаң бақылау талап етіледі. Қазір битум мәселесі бойынша келіссөздерге кірістік, сонымен қатар қыс мезгілінде осы өнімді сатып алу тәжірибесін кеңейту мүмкіндігін зерделеу қажет. Бұл туралы өндіруші зауыттар тарапынан да сұраныстар түсуде", - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

 Сондай-ақ, аймақ басшысы Есет батыр атындағы тұрғын үй алабының 4-шағын ауданында мектепті пайдалануға беруді жеделдетуді тапсырды. Бір ауысымда 900 оқушы білім алатын көптен күткен бұл мектеп биыл ашылатын болады. Құрылыс кезінде мердігерлер жұмыс жүргізу мерзімін бұзғандығы белгілі. Ғимарат 2019 жылы пайдалануға берілуі керек болатын. Қазіргі уақытта ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Мектепті аралаған облыс әкімі мердігер тарапынан ұйымдастыру жұмыстарының көңіл көншітпей отырғанын атап өтті. Жөндеу жұмыстарын небәрі 25 адам жүргізеді, ал мұндай ауқымды жұмыстарға кемінде 100 жұмысшы қажет. Аймақ басшысы мердігерге барлық жұмысты 10 қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды. Құрылыс компаниясының басшысы өзіне жауапкершілік алып тапсырманы орындауға уәде берді.   

Еске сала кетейік, Ералы Тоғжанов екі жыл ішінде Ақтөбе облысындағы апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толығымен жою міндетін қойған болатын.

  • 04.09.2022
  • 311
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика