- Блогтар
- Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.
ҚР Ішкі істер министрі
Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесті
Қазақстан ІІМ мен ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің Өзара іс-қимылы кең шарттық құқықтық базаға негізделген. Шекара маңы ынтымақтастығын кеңейту бойынша өзара сапарлар мен жұмыс кездесулері тұрақты түрде өткізіледі, кадрларды даярлау және қайта даярлау, жұмыс тәжірибесімен алмасу жөніндегі оқу курстары ұйымдастырылады.
Қазақстан мен Қытайдың құқықтық тәртіп органдарының ынтымақтастығы жоғары деңгейде. Соңғы бес жыл ішінде екі министрлік делегаттарының бірқатар өзара сапарлары және қызмет өкілдері арасында ондаған кездесулер өтті, – деп атап өтті Марат Ахметжанов және қазақстандық полицияның 108 қызметкері өткен оқу курстарын ұйымдастыруға көмектескені үшін қытайлық қонаққа алғысын білдірді.
Тараптар жемісті және серпінді ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. Кездесу дәстүрлі өзара түсіністік пен сындарлы диалог атмосферасында өтті.
- 05.09.2022
- 222