• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Энергетика министрі ЖЖМ нарығын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты

Ішкі нарықты мұнай өнімдерінің қажетті көлемімен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдың басына дейін мұнай өңдеу көлемі мен ЖЖМ өндірісі ұлғайтылды, - деп хабарлады ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов 2022 жылғы 5 қыркүйекте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

 

Мұнай өнімдерін өндірудің 2022 жылға арналған болжамы 13,72 млн. тоннаны құрайды, бұл 2021 жылға қарағанда 1,04 млн.тоннадан астам жоғары.

2022 жылға арналған дизель отыны (дизель) өндірісінің болжамы 5,2 млн.тоннаны құрайды, бұл 2021 жылға қарағанда 300 мың тоннаға және 2020 жылға қарағанда 640 мың тоннаға артық.

Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша дизель өндірісі 3,53 млн.тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 259 мың тоннаға немесе 10,5% - ға артық.

2022 жылға арналған дизель тұтыну болжамы 5,472 млн.тоннаны құрайды, бұл 2020 жылға қарағанда 500 мың тоннаға және 2021 жылға қарағанда 90 мың тоннаға артық.

 

Шаруаларға 2022 жылғы шілдеде 106,6 мың тонна, тамызда 145,6 мың тонна тиеп-жөнелтілді. Шаруаларға барлығы 423,5 мың тонна дизель тиеп-жөнелту жоспарлануда.

Шаруаларға тиеп-жөнелту басым негізде жүзеге асырылады және тұрақты бақылауда болады.

 

ЖЖМ нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша жедел шаралар қабылдау үшін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Васильевич Склярдың төрағалығымен Ішкі нарықты ЖЖМ-мен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрылды.

 

Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде жанар-жағармай нарығын тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы айтты:

- ҚР аумағынан бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салу жөнінде бірлескен бұйрық қабылданды;

- автожанар-жағармай станцияларында сараланған бағалар енгізілді. Дизель отынының лимиттелген көлемін босату бойынша бақылауды іске асыру мақсатында толықтырулар енгізіледі;

- вагон-цистерналарды беру саны артты;

- мұнай өнімдерінің басқа түрлерін тек ҚР МӨЗ-дерінен экспорттауға рұқсат етілген;

- дизель қалдықтары бойынша жағдайы ең қиын өңірлерге басымдықпен тиеп-жөнелту жүзеге асырылуда;

- «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазмұнайгаз» компаниясы қыркүйек-қазан айларында дизельдің қажетті көлемін импорттауға арналған келісімшартқа қол қойды;

- жанар-жағармай бағасын негізсіз көтеру және сатудан бас тарту мәселелері бойынша азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін ҚР Энергетика министрлігінде және ірі автожанармай құю станциялары желілерінде «колл-орталықтар» құрылды.

 

Сондай-ақ Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына сәйкес елімізде битум өндірісін ұлғайту қажет.

2022 жылдың 8 айына битум өндіру жоспары 726 мың тоннаны құрайды, іс жүзінде 8 айда шамамен 600 мың тонна өндірілді.

 

Ведомство басшысы Болат Ақшолақов атап өткендей, Қазақстан мен Ресей Энергетика министрлігінің келіссөздері нәтижесінде гудрон импортының көлемі 280-нен 430 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Қазіргі уақытта «беруші» - ірі мұнай жеткізушілері (ҚМГ, Петросан, Каспий Битум) битумды ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті ұсынған жол компанияларының тізбесі бойынша тиеп-жөнелтуді жүргізуде.

  • 05.09.2022
  • 251
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика