• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
ҚР ҰЭМ Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша шаралар кешенін ұсынды

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы баяндады.

Президент мемлекет пен қоғамның барлық салаларын қайта жаңғыртуды қамтамасыз ету, оның ішінде түйінді әлеуметтік-экономикалық реформалар бойынша нақты міндеттер қойды.

Қазіргі уақытта Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленуде.

ҰЭМ басшысының айтуынша, Министрлік жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту және мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту бағыттары бойынша жұмыс жүргізетін болады.

Тарифтік саясатты реформалау үшін табиғи монополиялар саласын реттеуге бағытталған «Тарифті инвестицияларға айырбастау» жаңа тұжырымдамасы ұсынылады. Мүлік иелері есебінен салаға инвестицияларды ұлғайту, табиғи монополиялар саласында жұмыскерлердің жалақы деңгейін арттыру, озық инновацияларды енгізуді ынталандыру жолымен одан әрі реттеу және т.б. қадамдар көзделген.

Фискалдық реттеуді қайта жүктеу мақсатында 2023 жылы салықтық әкімшілендіруді түбегейлі қайта қарауды, салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін цифрландыруды көздейтін жаңа Салық кодексінің жобасы әзірленетін болады.

«Сондай-ақ, салық мөлшерлемелерін саралау, тапқан пайдасын қайта инвестициялау кезінде корпоративтік табыс салығын төмендету, арнайы салық режимдерін оңайлату, бөлшек салықты қолдануды кеңейту, «байлық салығын» енгізу бойынша жұмыс жүргізілетін болады», - деді министр.

Бүгінгі танда 2030 жылға дейінгі салық саясатының Тұжырымдамасы әзірленуде. Тұжырымдамаға енгізілген тәсілдер жаңа Салық кодексіне негіз болады.

«Президент қойған жаңа міндеттер бюджеттік жоспарлауды бюрократиядан арылтуға және бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге байланысты жұмыстың қисынды жалғасы болады», - деді ол.

Министрдің айтуынша, жаңа Бюджет кодексі қолданыстағы бюджет жүйесіне негізделеді және бюджеттік рәсімдерді оңайлату, бюджет қаражатын басқарудан нәтижелерді басқаруға көшу секілді және т.б. жаңа еңгізілімдерді қамтиды.

Кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мақсатында бизнес үшін міндетті талаптарды қамтитын реттеушілік актілерді қайта қарау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.

«Мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілері қызметінің 29 саласының алтауы бойынша талдау аяқтады. 6 салада 21 мыңнан астам талап анықталды, олардың шамамен 16,5%-ы жаңа реттеушілік саясаттың базалық шарттарына сәйкес келмейді. Олардың күші жойылады немесе қайта қаралатын болады. Қалған салалар бойынша жұмыс Жоспар кестесіне сәйкес жалғасып, 2023 жылдың соңына дейін аяқталады», - деп хабарлады ол.

Квазимемлекеттік секторда басқару тиімділігін арттыру шеңберінде  «Самұрық-Қазына» міндеттері, стратегиясы, портфелі мен иелену құрылымы қайта қаралатын болады. Бұл жұмыс квазимемлекеттік сектордың аражігін ажырату мен функциялардың бөлінуін ескере отырып жүргізіледі. «Самұрық-Қазына» қорының активтерін, оның ішінде «Халықтық IPO» тетігі арқылы жекешелендіру жалғасатын болады», - деді министр.

Министрлік орталықсыздандыру қағидаттары мен шектерін айқындау арқылы мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша жұмыс жүргізетін болады.

«Тиісті орталық және жергілікті мемлекеттік құрылымдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жаңа функцияларды орындауға дайындығы міндетті түрде ескерілетін болады», - деп толықтырды Ә.Қуантыров.

  • 06.09.2022
  • 196
Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика