• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысында автомобиль жолдарының дамуын тежейтін проблемаларды қысқа мерзімде шешуді тапсырды

Ақтөбе облысының әкімдігінде жол жобаларын іске асыруға қатысты мәселелер талқыланды.

Кеңеске мемлекеттік органдардың басшылары, аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдері, мердігерлік ұйымдардың өкілдері қатысты.

"Жолдарды салу және жөндеу бойынша жұмыстарды сапалы жүргізу ерекше бақылауда. Жол нысандарын пайдалануға уақытылы және сапалы тапсыруды қамтамасыз ету үшін бар проблемаларды шешудің барлық жолдарын қарастыру қажет", - деп атап өтті облыс әкімі.

Өңірде ұзындығы 303 км "Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханьға)" республикалық маңызы бар автожолын қайта жаңарту бойынша 6 жоба іске асырылуда.

Ағымдағы жылы 203 жоба жүргізілуде, оның шеңберінде 663 км.автожолды, оның ішінде 80 км. облыстық, 412,4 км. аудандық жолдарды, 197 көшені немесе 170,3 км. қалалар мен аудандардағы көше-жол желісін жөндеу жоспарлануда.

Сондай-ақ, "Ақтөбе қаласының батыс айналма жолы" а/ж 7-17 км және "Донское-Бадамша-Ақтөбе-Орск" а/ж 45-75 км учаскелерін реконструкциялау, "Покровка-Темір-Кеңқияқ-Ембі" а/ж 78-84 км учаскесі мен 0-78 км, 84-111 км учаскелерін орташа жөндеу бойынша және т.б. жобаларды іске асыру басталды.

Орындалған жұмыстардың нәтижелері бойынша 2023 жылдың басында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 72% - ды құрайтын болады.

​Бұдан бөлек, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, сондай-ақ мердігерлік ұйымдардың өкілдері бірқатар проблемалық мәселелерді атап өтті. Олардың ішінде инертті материалдарды, битумды тасымалдау үшін теміржол вагондарына қажеттілік, газбен жабдықтау желілерін қайта құру және т. б. бар.

Жиын соңында облыс әкімі мердігерлерге жолдың бұзылуы, сапасыз салынуы немесе жөнделуі үшін жеке жауапкершілік туралы ескертті. "Мен бұл мәселені қатаң бақылауда ұстаймын", - деп қорытындылады Ералы Тоғжанов.

  • 06.09.2022
  • 221
Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика