- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Үкімет Президенттің Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық жоспарының жобасын мақұлдады
Үкімет отырысы. ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыров Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын таныстырды.
Құжат 6 бағыт бойынша 109 іс-шарадан тұрады
Басты мақсат:
экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру
азаматтардың әл-ауқатын өсіру
бағыт – «Жаңа экономикалық саясат» (22 іс-шара)
Коммуналдық кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыру
Монополиялық және олигополиялық нарықтарды қоспағанда, бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту
«Тарифті инвестицияларға айырбастау»
Табиғи монополиялар саласын реттеу тұжырымдамасын жаңарту
2023 ж. жаңа Салық кодексінің жобасы әзірленеді
Жаңа Бюджет кодексі
Бюджеттік жоспарлаудағы төрешілдікті одан әрі қысқарту
Бюджетаралық қатынастарды жетілдіру
бағыт «Нақты секторды дамыту» (15 іс-шара)
Жер қойнауын игеруге инвестициялар тарту (заңнамаға рәсімдерді оңайлату бойынша тиісті өзгерістер енгізіледі)
Арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін арттыру (инвестициялық жеңілдіктер берудің сараланған тәсілін енгізу)
Қала құрылысы кодексі
Сәулет-құрылыс қызметін реформалау
Ескірген құрылыс стандарттары мен нормаларын өзектендіру
«Самұрық-Қазына»
Қор қызметін инвесторға қайта форматтау
стратегиялық маңызды секторлардағы компаниялар акцияларының мажоритарлық пакетіне ғана иелік ету
Агроөнеркәсіптік кешен
АӨК-ті субсидиялауға жаңа ұзақ мерзімді тәсілдер әзірлеу
Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру (су саласындағы проблемаларды шешу үшін)
бағыт «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестициялар» (37 іс-шара)
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы
2025 ж. дейін 800 мың оқушы орнына арналған мектептер салу
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы
Медициналық инфрақұрылымды, оның ішінде МЖӘ арқылы кешенді жақсарту
Қоғам
әйелдердің зейнеткерлік жасын 2028 ж. дейін арттыруға мораторий енгізу
зейнеткерлікке шығу 61 жасында белгіленді
- бала күтімі бойынша төлемдер 1,5 жасқа дейін (2023 ж. 1 қаңтардан)
жұмысынан айрылған кездегі әлеуметтік төлемдердің мөлшері орташа айлық табыстың 45%-ына дейін ұлғайту (әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін)
«Ұлттық қор-балаларға»
2024 ж. 1 қаңтарда іске қосылады
мерзімінен бұрын алу құқығынсыз 18 жасқа дейін балалардың арнайы шоттарына жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50%-ын аудару
тұрғын үй сатып алуға және білім алуға пайдалану
Жыл сайын «Самұрық-Қазына» қорының таза кірісінің кемінде 7%-ы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылатын болады
Инвестициялық саясат
шетелдік бизнесмендер үшін инвестициялық визаны енгізу (ел экономикасына бір уақытта $300 мыңнан астам инвестиция салғандар үшін)
Ол үшін Көші-қон саясаты тұжырымдамасына және «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына өзгерістер енгізілетін болады
бағыт «Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту» (9 іс-шара)
мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және жұмыстан босату жүйесі қайта қаралатын болады
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі толыққанды стратегиялық HR институты болып қайта құрылады
бағыт «Заң және тәртіп» (23 іс-шара)
Заң үстемдігі мен сот төрелігінің әділ атқарылуын қамтамасыз ету (заңнамаға өзгерістер еңгізіледі)
Судьялардың тең мәртебесі
олардың сот төрағаларынан тәуелділігін төмендету
Қылмыспен күресу
нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі стратегиялық бағдарламалық құжат әзірлеу
Адам өлтіру, қарақшылық жасау және тағы басқа сияқты ауыр қылмыс жасағандар үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтіп, шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды алып тастау
бағыт «Сайлау процестері» (3 іс-шара)
Президент мандатын қайта сайлау құқығынсыз ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді белгілеу (Конституцияга тиісті түзетулер енгізіледі)
2023 ж. бірінші жартысында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау өткізу.
- 07.09.2022
- 208