• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жолдауда іске асырудың міндеттері белгіленді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткізілген кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев  өз сөзінде Мемлекет басшысының ел халқына жолдаған Жолдауы еліміздің экономикалық-әлеуметтік қайта құрылуының жаңа кезеңін айқындайтын тарихи құжат екендігін атап өтті.

– Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты тақырыпта  Қазақстан халқына арналған Жолдауы жария етілді.Мемлекет басшысыұсынған реформаларқоғамда орын алған сауалдардың шынайы көрінісі болып табылады. Жолдау   бес маңызды бағдарға бөлінген. Ендігі орайда, біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр.  Ел Президенті алдағы бағыт-бағдарды айқындап берді, күрмеулі мәселелерді шешу, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық салаларын одан әрі дамыту жолында аянбай жұмыс істеуіміз қажет,– дей келіп, Мемлекет басшысы Жолдауда атап өткен тапсырмаларды жүзеге асырудың негізгі бағыттарына тоқталды. Сөйтіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалын, еңбек өнімділігі мен халықтың табысын арттыру керектігі туралы  және тағы басқа маңызды міндеттерді баса айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Кеңесте күні кеше Зеренді ауданында болған орман өрті туралы мәселе де талқыланды. Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегі күні 20 сағат 05 минутта «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Зеренді филиалында өрт шыққаны туралы хабарлама келген.   Облыс әкімі Ермек Боранбайұлының  нұсқауы бойынша облыстық жедел штаб құрылып,  оқиға орнына дереу Атбасар, Сандықтау және Зеренді өрт сөндіру бөлімдерінің күштері мен құралдары жіберілді. Жел секундына 15 метр  екпінмен соғып тұрған сәтте өртті сөндіру оңай болған жоқ. Дегенмен,  жедел жасақталған іс-қимылдың, бірлескен жұмыстың нәтижесінде өрт түнгі 00.00-де ауыздықталған. Жиында айтылғанындай, 104 гектар аумақтағы орман өртке оранған. Орман өртін сөндіруге 200-ге жуық адам жұмылдырылған. Өртті жою жұмыстары әлі де жалғасуда.

Отырыс барысында қазіргі таңда елді елеңдетіп отырған Қостанай облысындағы алапат өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалында гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылып, көмектің алғашқы легі жіберілгендігі айтылды. Партияның облыстық және 20 аудандық филиалдарында гуманитарлық көмек көрсету пункттері жұмыс істейді. Онда жалпы салмағы 15 тоннадан астам көмек қоры жиналған.

Күн тәртібінде қаралаған мәселелерді қорытындылай келе, облыс әкімі Ермек Маржықпаев Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалардыжүйелі атқару керектігін тапсырды.

  • 08.09.2022
  • 289
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика