• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ералы Тоғжанов «Ауыл АМАНАТЫ» жобасын іске асыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды

Ақтөбе облысының әкімі Е. Тоғжанов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жұлдыз Сүлейменова және Гүлдара Нұрымовамен кездесті. Мәжілісмендер өңірге бүгін, 8 қыркүйек күні Мәртөк ауданында өтетін «Ауыл әйелінің елді дамытудағы рөлі» атты форумға қатысу үшін келген. Кездесу барысында мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында өңірлерде жүзеге асырылатын «Ауыл АМАНАТЫ» жобасының негізгі бағыттары талқыланды.

Облыс әкімі: «Ауыл шаруашылығын дамыту – ел президенті «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында алдымызға қойып отырған негізгі міндеттердің бірі. Біз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірісті ұлғайту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосымша құнын арттыру жұмыстарын күшейтуіміз қажет. Жоба өзінің тиімділігін көрсетіп, өңір тұрғындарына өз әл-ауқаттарын көтеруге мүмкіндік беретініне сенімдімін»,- деп атап өтті.

Депутаттар «Ауыл АМАНАТЫ» жобасын жүзеге асырудағы негізгі тәсілдеріне тоқталды:

🔹️ ауыл тұрғындары өз бизнестерін дамытуға жеңілдетілген несие алып, техниканы лизингке рәсімдей алады;

🔹️ несиені әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары арқылы рәсімдеуге болады;

🔹️ ауыл тұрғындарына шектеу қойылмайды – қаражатты тек мал ұстауға, дақылдар өсіруге немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге ғана емес, сонымен қатар, наубайхананы, кондитерлік дүкенді және т.б. іске қосуға да алуға болады;

Жоба 2023-2025 жылдар арасында барлық өңірлерде жұмыс жасайтын болады. Қазіргі таңда мобильдік топтар ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Кездесу соңында өңір басшысы жобаны жүзеге асыратын пилоттық ауылдарды іріктеу, ауылдарды скринингтен өткізу, халыққа жобаны жүзеге асырудағы негізгі шарттар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру форматын түсіндіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

  • 08.09.2022
  • 341
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика