- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Мемлекет басшысы Ақмола облысы әкімінің өңірдегі қазіргі ахуал туралы есебін тыңдады
08.09.2022 облыс әкімі Ермек Маржықпаев телефон арқылы сөйлесу барысында Мемлекет басшысына өңірдегі табиғи өрттерді жою барысы туралы баяндады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жағдай бақылауға алынды, профилактикалық, өртке қарсы іс-шаралар жүргізілуде.
Сондай-ақ, әңгіме барысында Қасым-Жомарт Кемелұлына облыста өткізіліп жатқан егін жинау науқаны туралы ақпарат берді. Бүгінгі күні жаздық егістіктің 60% шабылып, бастырылды, өнімділік 10,5 ц/га құрады.
Аймақ басшысы штаттық режимде өтіп жатқан жылыту маусымына дайындық туралы айтты. Жалпы, нысандардың дайындығы 98% – дан асады, жөндеу компаниясына қарастырылған қаражат толық көлемде игерілуде.
Сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен таныстырды.
- 12.09.2022
- 240