• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Елордада Мемлекет Басшысы Жолдауының негізгі ережелерін іске асыруды талқылауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Елордалық Достық Үйінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқына Президент Жолдауының негізгі қағидаларын іске асыруға арналған ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, Ғылыми-сарапшылық кеңестің және өңірлердегі ғылыми-сарапшылық топтардың мүшелері, өңірлік Ассамблеялар мен «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері қатысты.  

Баяндамашылар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру кезеңінде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларда айтарлықтай қайта жаңғыру күтіліп отырғанын және бұл мәселеде ғылыми-сарапшылық қауымдастықтың Президент Жолдауының ережелерін қолдау, түсіндіру жұмыстарына қатысуы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина өз сөзінде Президент Жолдауының негізгі міндеттері – адами әлеуетті дамыту, бюджет, салық саясатын жетілдіру болып табылатынына назар аударды, сондай-ақ Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық блок бойынша негізгі бастамаларына тоқталды.

Педагогикалық қоғамдастық атынан Ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінің директоры, Солтүстік Қазақстан облысы Ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі Ләззат Жалмұқанова Мемлекет басшысының Жолдауында ұсынылған білім беру жүйесі жағдайының және білім беру секторын дамытудың негізгі ережелерінің маңыздылығы туралы айтып берді.

Отырыс барысында ҚХА ҒСК мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының профессоры Н.Калашникова сөз сөйледі. Ол этносаралық тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының деректер базасын жүйелеу аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта этносаяси процестер мен этносаралық проблемалар саласындағы 180-нен астам дереккөзден тұратын ресурстық базасы кейсі жинақталған.

Отырыс барысында қатысушылар пікір алмасып, Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауының іске асыруға қолдау білдірді.

  • 14.09.2022
  • 357
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика