- Блогтар
- Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағанды облысының әкімі
Цифрландырудың азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әлеуеті зор
«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында жедел басқару орталығына 4588 бейнебақылау камерасы қосылды.
Облыс орталығындағы үйлердің кіреберістерінде 1550 камера орнатылды.
Сондай-ақ «Серверлік бейнебақылау» және «Қауіпсіз қала» жобалары жұмыс жасауда. Қарағанды қаласының жолдарында нақты уақыт режимінде ЖҚЕ бұзушылықтарын 10 аппараттық-бағдарламалық кешен тіркейді.
Облыс орталығында кез-келген азамат пайдалана алатын шұғыл байланыс терминалдары да бар.
Сонымен қатар барлық полиция қызметкерлері планшеттермен қамтамасыз етілген.
Жыл соңына дейін тағы 2280 жаңа бейнебақылау камерасын орнатуды жоспарлап отырмыз.
- 14.09.2022
- 324