- Блогтар
- Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағанды облысының әкімі
Кеншілер, металлургтер және жұмыс істейтін жастар үшін өңірлік тұрғын үй бағдарламаласының алғашқы нәтижесі
Биыл біз алғаш рет «Отбасы банкпен» бірлесіп, кеншілер, металлургтер және жұмыс істейтін жастар үшін өңірлік тұрғын үй бағдарламаларын іске қосқан болатынбыз. Бүгінде бұл жұмыстардың алғашқы нәтижелері баршылық.
Кеншілер мен металлургтерге 1,7 млрд теңге сомасына 99 қарыз, ал жұмыс істейтін жастарға 700,6 млн теңгеге 43 қарыз берілді.
Бұл бағдарламаларды жерлестеріміз жылы қабылдады. Сондықтан біз келесі жылы азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін қаражат бөлуді жалғастырамыз деп шештік. Бұл ретте «Отбасы банкпен» бірлесіп, жыл сайын 300-400 пәтерді беруді мақсат етіп отырмыз.
- 14.09.2022
- 324