• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ІІМ адам саудасы үшін 11 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады

Шымкентте полиция кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға, жеңгетайлыққа, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жыныстық қанау мақсатында адам саудасына тарту фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Тергеу барысында олардың қылмыстық әрекеттері Шымкент, Түркістан және Тараз қалаларында жүзеге асырылғаны анықталды. Топтағы рөлдер нақты бөлінген. Оның ұйымдастырушылары үш апалы-сіңлілі болып шықты. Олар сенімді адамдарымен бірге қылмыстық әрекеттерді үйлестірген.

Қорқыту мен бопсалау, “айыппұлдар” арқылы қыздарды синтетикалық есірткі қолдануға және ақылы (кейде әртүрлі тауар үшін де) жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген.

Топтың кейбір мүшелері жас әйелдер мен қыздарды іздеумен айналысқан. Олармен танысып, сеніміне кіре отырып, осы “іске” тартқан. Белгілі болғандай, қыздарды әлеуметтік желі арқылы Қарағанды, Семей, Атырау, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалалары мен Түркістан облысынан тапқан. Билет сатып алу мен тұруға кеткен шығынды қылмыстық топтың ұйымдастырушылары төлеген.

Топтың басқа мүшелері “әкімші” және “кассир” рөлін атқарды. Олар қыздардың тәртібін қадағалап, есеп пен касса жүргізіп, интернеттегі жарнамалар арқылы табылған “клиенттерді” қабылдап отырған. Қылмыскерлердің тапқан табысы, бүгінгі ақпарат бойынша, шамамен 150 миллион теңгені құрайды. Жыныстық сауданың құрбандары арасында 17 мен 25 жас аралығындағы 14 қыз бар, оның ішінде 6-ы кәмелетке толмағандар. Қыздарды жалдамалы пәтерлерде ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

Бірқатар жағдайларда күдіктілер қыздарды өзімен бірге ертіп, қонақүйлер мен сауналарға апарған. Қыздар туған-туыстарын тыныштандыру үшін ата-аналарына бала күтуші болып жұмыс істейтіндерін айтқан. Кейбір жағдайларда ұйымдастырушылар қыздардың ата-аналарымен кездесуге барып, өздерін “бала күтушіге жұмыс беруші” сияқты көрсеткен.

Барлығы 11 адам ұсталды, олар қазір Шымкенттегі тергеу изоляторында қамауда. Осы факті бойынша 18 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде: 2 дерек – ҚК-нің 262-бабының 1, 2-бөлігі (Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу), 5 дерек – ҚК-нің 128-бабы (Адам саудасы), 5 дерек – ҚК-нің 134-бабы 3-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту), 2 дерек – ҚК-нің 308-бабы (Жезөкшелікке тарту), 3 дерек – ҚК-нің 309-бабы (Притон ұстау мен жеңгетайлық), 1 дерек – ҚК-нің 297-бабы (Есірткі заттарын алу, сақтау, тасымалдау) бойынша.

Тергеу жалғасуда.

  • 15.09.2022
  • 467
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

Сәденов Е.С.
(Мұрағат)

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика