- Блогтар
- Әлиев Ж.Ш.
Әлиев Ж.Ш.
ҚР Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі
Экология министрлігі Ақмола облысының Жол картасы жобасын ұсынды.
Экология министрлігі Ақмола облысының Жол картасы жобасын ұсынды.
2020 жылғы 19 қарашада Министрлік Ақмола облысының экологиялық мәселелерін шешу жөніндегі Жол картасын өңірдің жұртшылығымен талқылады.
Ақмола облысындағы қоршаған ортаға эмиссиялар бойынша нақты деректер тұрақты экологиялық жағдайды айғақтайтынына қарамастан, мен өңірде шешуді талап ететін мәселелердің бар екендігін атап өттім.
Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Г.К. Әбдіқалықов сөз сөйлеп, өңірдегі экологиялық жағдай және оларды шешу жөніндегі шаралар туралы атап өтті.
Кездесуде 17 іс-шара енгізілген Жол картасының жобасы ұсынылды. Олардың ішінде өңірді газдандыру арқылы жеке сектордың эмиссиясын төмендету, Көкшетау, Щучинск және басқа қалаларда қоқыс сұрыптау желісі бар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу, қоқыстарды жою. Сондай-ақ, жобада жаңартылатын энергия көздеріне ерекше назар аударылған. Көкшетау қаласында және Ерейментау ауданында жел электр станцияларын және Целиноград ауданында күн электр станцияларын салу жоспарланған. Жобаға сондай-ақ, көгалдандыру және сарқынды суларды басқару жөніндегі іс-шаралар кіреді.
Мен, жергілікті Департаментке жергілікті тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін назарға алып, Жол картасын екі апта ішінде бекітуді тапсырдым.
- 20.11.2020
- 362