• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2020 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Қайырлы күн, құрметті блог қонақтары!

ҚР Ұлттық экономика министрлігі ағымдағы жылдың 9 айында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын шығарды.

Қыркүйекте экономиканың жандануы байқалады, оң өсіммен салалар саны артты. Нәтижесінде жедел деректер бойынша ЖІӨ-нің өсу қарқыны 8 айда минус 3%-дан қаңтар-қыркүйекте минус 2,8%-ға дейін жақсарды. Жылдық инфляция 7% деңгейінде сақталды. Нақты секторда оң өсім жеделдеп, 2,2%-ды құрады. Нақты сектордың барлық дерлік салалары мен жекелеген қызмет түрлері өсудің оң қарқынын көрсетеді. Бұл құрылыс, ақпарат және байланыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі. Көлік және саудада, әкімшілік қызмет көрсетуде, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда, тұру және тамақтануда көрсеткіштердің төмендегені байқалады. Егер қыркүйекті жеке қарайтын болсақ, онда көптеген қызмет көрсету салалары қалпына келтіру өсімін көрсете бастады. Өсім факторлары экспорт, өндіріс, өндірімейтін секторларға инвестициялар болды. Айталық, 8 айда экспорт $31,9 млрд. құрады, бұл $8,1 млрд деңгейінде сауда теңгерімінің оң сальдосын қамтамасыз етті. Дайын және өңделген өнімнің экспорты ұлғайды. А. ж. қаңтар-тамызда автомобильдердің экспорты 5,7 есе, ферросилиций – 5,4 есе, күнбағыс майы – 86,1%-ға, темірден жасалған шыбық – 33,1%-ға, титан құймалары-9,5%-ға өсті. 9 айда өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс: автомобиль жасау – 51,6%-ға, фармацевтика – 39,8%- ға, дайын металл бұйымдары – 18,9%-ға, қағаз өнімдері – 15,1%-ға және жеңіл өнеркәсіп – 14,1%-ға өсті. Сонымен қатар, тау-кен өнеркәсібін есепке алмағанда, тұтастай алғанда экономика бойынша инвестициялар өсіп жатыр. Денсаулық сақтау саласында инвестициялар 85,7%-ға, байланыс – 62,4%-ға, сумен жабдықтау – 27,4%-ға, тұрғын үй құрылысы – 25,2%-ға, АӨК – 15,1%-ға, өңдеу – 7,3%-ға және көлік – 5,7%-ға ұлғайды. Салалардың көпшілігі қыркүйек айында оң өсім көрсетті. Бұл ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім беру, техникалық және қаржылық қызмет, Сауда, көлік және басқалар. Осылайша, қыркүйек айындағы көрсеткіштер іскерлік белсенділіктің жанданғанын көрсетеді, қызметтер көрсету секторы қалпына келтіріліп жатыр. Өнеркәсіп бойынша тұтастай алғанда өндіру көлемі сақталғды. Бұл ретте тау-кен өнеркәсібі 2,2%-ға төмендеді, ал өңдеу өнеркәсібі 3,3%-ға өсті. Көптеген өңірлерде өнеркәсіптің өсуі байқалады. Ең көп өсуді Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары көрсетті. Төмендеу 5 өңірде тіркелді. Бұл Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінің өндірісі 3,3%-ға өсті. Фармацевтика, дайын металл бұйымдары, машина жасау, оның ішінде автомобиль жасау және жеңіл өнеркәсіп жоғары өсу қарқынын көрсетеді. Өңірлер бөлінісінде ең жоғары өсім Қостанай, Түркістан, Ақмола облыстарында байқалады. Төмендеу 4 өңірде болды. Бұл Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы. Негізгі капиталға 8,3 трлн теңге сомасына инвестициялар тартылды. 13 өңірде инвестициялардың өсуі байқалады. Оның ішінде ең үздік көрсеткіштер Түркістан облысы мен Шымкент қаласында атап өтіледі. Төмендеу 4 өңірде тіркелді. Бұл Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. Бұдан басқа, құрылыс секторы тұрақты қарқынмен дамып келеді. Орындалған жұмыстар көлемі 10,5%-ға өсті. Белсенді құрылыс жұмыстары Түркістан облысы мен Шымкент қаласында байқалады. 9,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9%-ға көп. 7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлік бөліністегі жалпы жағдай мынадай. 5 көрсеткіш бойынша 7 өңірде оң өсім байқалады. Бұл Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы. Сондай-ақ 7 өңірде 4 көрсеткіш бойынша өсім тіркелген. Бұл орташа деңгей. 3 өңірде оң өсім тек 3 көрсеткіш бойынша ғана байқалады. Бұл Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары.

  • 21.11.2020
  • 397
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика