- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2022 ж. 15-20 қыркүйек аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*
Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,33м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,04м-ден 28,66м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,74м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,47м-ден 29,10м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2022 ж. 08-14 қыркүйек аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,53м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 27,94м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,90 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,62м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,41м-ге, ең төменгі мәні минус 29,09м-ге сәйкес келді.
- 16.09.2022
- 275