• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда "Freedom Holding Corp" жаңа кеңсесі ашылды

14 қыркүйекте Ақтауда “Freedom Holding Corp” жаңа филиалының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, "Freedom Holding Corp" бас атқарушы директоры Тимур Турлов, мәслихат депутаттары, қоғам өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Корпоративтік даму стратегиясы аясында “Freedom Holding Corp” Ақтауда алғашқы әмбебап кеңсесін ашты.

Шара барысында өңір басшысы банк қызметкерлерін жаңа филиалдың ашылуымен құттықтады.

- Бүгін бізде облыс тұрғындары мен қонақтарына қаржылық қызмет көрсететін тағы бір бизнес субъекті ашылды. Аталған банк өз клиенттері үшін барлық қажетті қаржылық қызметтерді көрсететініне сенімдіміз. Бұл ретте банк қызметкерлері тұтынушылардың үмітін ақтап, бүгінгі күнге дейін өз құзыреттілігі шегінде қызмет етіп келеді. Осы қуанышты күні сіздерге жұмыста табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деді Нұрлан Ноғаев.

Бас атқарушы директордың сөзінше әмбебап кеңседе барлық банктік офлайн және цифрлық қызметтер қолжетімді болады: ұяшық ашу, депозит, брокерлік операцияларды жүзеге асыру үшін шотты толықтыру, тегін терминалы бар ЖК үшін Freedom Box кешенді шешімін сатып алу, бөліп-бөліп сату мүмкіндігі және тағы басқалар. Айта кетейік, банк "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық ипотека беру бойынша көшбасшы банктердің қатарында. Бағдарлама аясында банк 6 ай ішінде жалпы сомасы 82,1 млрд теңгеге 5 мыңнан астам қарыз берді.

-Біздің мемлекетіміздің технологиялылығының арқасында біз бірегей өнімдер жасап, озық fintech құра аламыз, бірегей интеграциялар жасай аламыз және әлемнің көптеген елдерінде мүмкін емес бизнес-процестің бөліктерін автоматтандыра аламыз. Бізде бар болған түгел өнімдер мен қызметтерді цифрландырып, қазіргі заманғы стандарттар бойынша жаңаларын жасап жатырмыз. Бірақ осымен бірге біз әлеуетті және қазіргі клиенттеріміз үшін офлайн-кеңселердің болу қажеттілігі мен маңыздылығын түсінеміз. Себебі менеджерлеріміз кеңес беріп қана қоймай, іс-әрекет тәртібін түсіндіреді және клиентті қиын жағдайда қолдап, өз мақсаттары мен міндеттерін нақтырақ түсінуге көмектеседі. Қаржылық қызметтерді алу кезінде кеңесшінің рөлі әлі де маңызды болып қала береді. Әмбебап кеңселердің ашылуының арқасында біз Қазақстанда қаржылық қызметтерді тұтыну мәдениетін дамыта отырып, ұсынылған компаниялардың клиенттері арасында өнімдерді тұтыну желісін кеңейте аламыз, - деп атап өтті Тимур Турлов

  • 16.09.2022
  • 275
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика