• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Алға ауданын аралады

Ол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысымен танысып, көгілдір отын келген Талдысай ауылының қуанышына ортақтасты.

Өңір басшысы алдымен аудан орталығындағы Шипагер шипажайының жұмысымен танысты. Іргетасы 1967 жылы қаланған ғимараттың сыртқы қасбеті жөндеуден өтіп жатыр. Облыс әкіміне шипажай жұмысын таныстырған кәсіпкер Азамат Өтепбергенов “Шипагердің” республикадағы ТОП-10 шипажай қатарына кіргенін және қазіргі таңда мұнда келіп ем алушылар саны күн сайын көбейіп келе жатқанын айтты. Бір мезгілде 120 адамды қабылдай алатын санаторийге жыл басынан бері 2500-ге жуық адам келген. Қазіргі таңда да мұнда республиканың түпкір-түпкірінен арнайы Алғабастың балшығы үшін келіп, ем қабылдап жатқандар қарасы көп.

Шипажайдың ішін аралап, қонақтарымен тілдескен өңір басшысы ғимарат ауласын абаттандырып, көгалдандыру жұмыстарына басты назар аудару керектігін айтты.

- Бүгіннен бастап облыс аумағында екі айлық тазалық жұмыстары басталды. Бұл жұмысқа сіздер де атсалысып, көпшілікке үлгі бола білу керексіз, - деді Ералы Тоғжанов.

Бұдан соң ол Алға қаласындағы “Алға жылу” орталық бу қазандығының жұмысымен танысты. Бу қазандығына 2017 жылы “Нұрлы жол” бағдарламасы арқылы модернизация жұмыстары жүргізіліп, 2021 жылы резервтік бу қазанының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған бу қазандығы арқылы жылу тұтынатын адам саны - 9348. Жұмыс барысын бақылаған өңір басшысы өлшегіш құрылғысымен барлық үйлерді 100 пайыз қамту керектігін айтты.

Сапар аясында облыс әкімі Алға қаласындағы құрылысы кешіктіріліп жатқан 5 қабатты тұрғын үйдің жұмысын көріп, мердігерлермен жолықты. Құрылысты 2020 жылы бастаған “Нұр құрылыс болашақ” ЖШС жоспар бойынша 2021 жылы аяқтауға тиіс болатын. Бірақ қазіргі таңда құрылыс тоқтап тұр. Жұмыстың жоспардан кешіктірілуінің басты себебі құрылыс материалдарының қымбаттауынан деп сылтау айтқан мердігерге облыс әкімі:

- Мұндай жұмыстар жұмыс жасауға толық мүмкіндігі бар мердігерлерге берілуге тиіс. Тапсырыс материалдық-техникалық базасы дайын емес, резервтік қаржысы жоқ компанияларға берілген соң, нәтиже осындай болады. Құрғақ уәде беріп кіресіңдер де мемлекет қаржысына қарап отырасыңдар. Ал құрылысқа қажетті құралдардың барлығы дерлік, тіпті шикізатқа дейін өзімізде бар. Егер сырттан әкелетін нәрсе болса, онда түсінемін. Ал өзімізде бар өнімдерді келісіп, бірлесіп жұмыс жасауға болады. Оның барлығы ұйымдастыру жұмысының нашарлығынан, - деді Ералы Тоғжанов.

  • 19.09.2022
  • 293
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика