• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ералы Тоғжанов Есет батыр тұрғын үй алаңындағы 900 орындық жаңа мектепті қарап шықты

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Есет батыр тұрғын үй алаңындағы 900 орындық жаңа мектепті қарап шығып, жалпы білім беретін мектепті пайдалануға беру бойынша жүргізілген жұмыстардың сапасын тексерді. Бүгіннен бастап мұнда сабақ басталып, 650 оқушы партаға отырды.

Еске салайық, бұдан бұрын облыс әкімі Ақтөбедегі құрылысы проблемалық нысандарды аралау кезінде аталмыш мектепке барған болатын. Сол кезде Е.Тоғжанов мердігердің салғырттығын сынаған: ғимарат 2019 жылы тапсырылу керек болатын, алайда жұмыс өндірісінің мерзімі бұзылған. Мердігер жұмысты қанағаттанарлықсыз ұйымдастырып, жөндеу жұмыстарымен 150 адам емес, 25 жұмысшы айналысқан. Өңір басшысы компания басшысына жұмысты жеделдетіп, мектепті қысқа мерзім ішінде пайдалануға беруді тапсырды. Жаңа мектеп Есет батыр тұрғын үй алабында жұмыс жасап тұрған мектептердің бірінің үш ауысымды білім беру мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Бүгін білім ордасы 3 және 4 шағын ауданда, сонымен қатар, көрші Қызылжар тұрғын үй алабында тұратын оқушыларды қабылдады. Бұған қоса, спорт және акт залындағы болар-болмас ішкі әрлеу жұмыстары қалды.

Е. Тоғжанов: «Бұл жұмыстар оқу процесіне кедергі емес, сондықтан, оны 3-7 күн аралығында аяқтау керек. Бастысы – сапасы»,- деп атап өтті.

Аумағы 12 мың м2 болатын ғимаратты салуға және жабдықтауға мемлекет 1,5 млрд. теңге жіберді. 58 дәстүрлі оқу кабинеттерінен бөлек, заманауи талаптарға сай дайындалған робот техникасы, кеңейтілген физика, химия және биология зертханалары бар. Мектеп сондай-ақ, оқушылармен қатар, мұғалімдерге де оқу процесін тиімді басқаруға қажет жаңа компьютерлік жүйелермен, мультимедиялық кабинеттермен, интерактивті электронды тақталармен, инновациялық бағдарламалар құралдарымен жарақтанған. Кітапхана қоры, оқу-әдістемелік құралдармен, классикалық және көркем әдебиетпен, отандық басылымдармен, медиатекамен толықты. 

  • 20.09.2022
  • 256
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика