• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы оркестрінің шығармашылық кеші өтті

20 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығы аясында Ұлттық әскери-патриоттық орталығының эстрадалық-симфониялық оркестрінің концерті өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жастар арасында әскери қызметті насихаттау мақсатында өткен шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, ведмоство басшылары, әскери қызметшілер және қала тұрғындары қатысты.

Кеште сөз алған аймақ басшысы әскери қызмет қазақстандықтар үшін аса құрметті мамандық екенін айта келе,
әскери ортада музыканың алар орны ерекше екенін тілге тиек етті.

-Әскери қызмет қазақстандықтар үшін аса құрметті мамандық саналады. Бұл біздің мерейтойлық жылда қол жеткізген басты табысымыз. Әскери өмір десе, бірден көз алдымызға қару асынған сарбаздар, әскери шерулер мен ұрыстар елестейді. Кейде олардың өмірінде бұдан өзге ештеңе жоқтай көрінеді. Бірақ әскери адамдар бос уақыттарын оркестр мен ән-би ансамблінде де өткізеді. Оған дәлел ретінде бүгін облысымызға келіп отырған әскери оркестрдің сапары.
Әскери ортада музыканың алар орны ерекше. Жауынгерлік Ту, әскери белгі іспетті жауынгерлік музыка да сарбаздар арасында ерліктің, батылдықтың және Отанға деген адалдықтың символындай. Әскери қызметшілердің жеке құрамының жауынгерлік дайындығы мен мәдени деңгейін көтерудегі әскери оркестрдің орны бір төбе. Бауыржан Момышұлы «Соғыстағы ең суық қару — адамның рухы» деген. Сол рухты көтеруде оркестр мен ән-би ансамблінің маңызы зор. Әсіресе, соғыс жылдары майдангерлердің көңіліне демеу болып, рухын көтеріп, жеңіске жетелеген құдіреттің бірі — патриоттық әндер. Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы жауапты қызметте толағай табыс тілеймін!,-деді Нұрлан Ноғаев.

Шара аясында Маңғыстау жерінде әскери борышын адал атқарып жүрген "Ең үздік жауынгер" атанған Рамазан Бейбітшіліков пен Бекболат Сәрсенбаевтың ата-анасы ҚР Қорғаныс министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.

Сахна төрінде Ұлы Отан соғысы жылдарында өзінің дарыны мен көрнекті орындаушылық шеберлігімен жауынгерлердің айбынын асқақтап, рухын көтерген, соғыстан кейінгі кезеңде де тыңдаушыларды өз творчествасымен куантқан халық әртісі Роза Бағланованың құрметіне арналған және патриоттық әндер шырқалды. Сондай-ақ мазмұны терең, әсерлі, философиялық күйлерімен ел жадында мәңгі сақталған Құрманғазы Сағырбайұлының "Адай", "Балбырауын", "Сарыарқа" сынды отты, рухты күйлері күмбірледі.

Осылайша әскери қызметін қасиетті өнермен ұштастыра білген ел сақшылары көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

  • 21.09.2022
  • 293
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика