• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда белгілі кино және театр әртісі Меруерт Өтекешованың шығармашылық кеші өтті

20 қыркүйек күні "Abish Alemi" II Халықаралық театр фестивалі аясында Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрында танымал кино және театр әртісі Меруерт Өтекешовамен кездесу кеші өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу кешіне облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, қазақ театр және кино өнерінің абызы Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық әртістері Тұңғышбай Жаманқұлов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгереева, мәдениет қайраткерлері және т.б қонақтар қатысты.

Кездесуде алдымен "Қазақтың Төлегені" Құман Тастанбеков және «Қазақтың Қыз Жібегі» Меруерт Өтекешованың шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілді.

-Біз бүгін "Әбіш әлемі" халықаралық фестивалі аясында қуанышты еселей түскен әдемі бір кездесуге жиналып, Қазақтың "Қыз Жібегі" атанған Меруерт Өтекешова апамызбен дидарласып, көзайым қуанышқа бөленіп жатырмыз. Қымбатты Меруерт Қаратайқызы, Әбіш аға тойына, қалың көрермендеріңіздің ортасына қош келдіңіз! Сіз сомдаған Қыз Жібек бейнесі міне, жарты ғасырдан бері халқымыздың көз қуанышына айналып, ұлттық киноөнерінің алтын қорынан лайықты орын алып, халқымызбен бірге жасайтын сәулелі бейнеге айналды! Көрермендеріңіздің сізге деген ықыласы мен пейілі қашанда жоғары. Маңдайыңызға бұйырған асыл өнердің қашанда шыңынан көрініп, абыройыңыз асқақтай берсін! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілеймін!,- деп өз тілегін жеткізді Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар кеште қазақ театр және кино өнерінің абызы Асанәлі Әшімов те сөз кезегін алып, өз құттықтауын жолдады. Кеш әрі қарай театр өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

  • 21.09.2022
  • 242
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика