- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Сенатта Ұлттық қордан үш жылға кепілдендірілген трансферт туралы заң қабылданды
Қайырлы күн, құрметті блог қонақтары!
Заң жобасында Ұлттық қордан 2021 жылға арналған республикалық бюджетке 2 700 млрд теңге, 2022 жылға - 2 400 млрд теңге, 2023 жылға - 2 200 млрд теңге сомасында кепілдендірілген трансферт мөлшерін айқындау көзделген. Заң жобасында сондай-ақ кепілдік берілген трансфертті пайдаланудың нысаналы бағыты айқындалды. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті ынтымақты зейнетақыларды, республикалық бюджеттен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін төлеуге жіберу ұсынылады. Ұлттық қордан 2021-2023 жылдарға айқындалған кепілдік берілген трансферттің мөлшері Ұлттық қордағы қаражаттың азайтылмайтын қалдығы бойынша ЖІӨ-нің 30%-ы мөлшерінде шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді.
- 21.11.2020
- 378