- Блогтар
- Есимханов С.К.
Есимханов С.К.
ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы
ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің басшылығы Қарағанды облысының электр станцияларына барды
2022 жылғы 9 қыркүйекте ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшылығы Теміртау мен Қарағанды қалаларындағы электр станцияларына барды.
Нысандарды аралау барысында алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде жөндеу жұмыстарының барысы тексерілді.
Бүгінгі таңда өңірдің энергия көздерін жылыту маусымына жұмысқа дайындау жөніндегі науқан аяқталуға жақын. Қоймаларда отын жинау жұмыстары жүргізілуде.
Осылайша, «Bassel Group LLS» ЖШС-ның 1-МАЭС-інде ағымдағы сәтте №9 қазандық агрегаты мен №8 турбогенератордың жөндеу жұмыстары аяқталды. №10 қазандық агрегатының күрделі жөндеуі аяқталуда, іске қосудың жоспарланған мерзімі – 15 қыркүйек. Ол аяқталғаннан кейін №11 қазандық агрегатына жөндеу жүргізіледі. Сондай-ақ станцияда №9 турбогенераторға жөндеу жүргізіліп жатыр. Көмір қорының көлемі 83 мың тоннаны құрайды, бұл норма 20 тәулік болған кезде, 45 тәулікке арналған қорға сәйкес келеді.
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның 2-ЖЭО-ның алдағы жылыту маусымына дайындығы аясында 3 қазандық пен 1 турбинада жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта №4 қазандық агрегатының жөндеуі аяқталды, 15 қыркүйекте іске қосылу керек №3 қазандықтың күрделі жөндеуі аяқталуда. Сондай-ақ, №2 қазандық агрегаты мен № 4 турбогенераторды күрделі жөндеу жалғасуда.
Станцияны жаңғырту шеңберінде жаңа №7 қазандық агрегатының құрылысы жүргізілуде және есепті күнге жабдықты жеткізу 95%-ға қамтамасыз етілді, бұл жоспарға сәйкес келеді. Жұмыстар жоспарға және кестеге сәйкес жүргізілуде, 2023 жылдың қазан айында іске қосу жоспарлануда.
Қазіргі уақытта отын қоры 223 мың тоннадан асады, бұл норма 20 тәулік болған кезде 37 тәулікке сәйкес келеді.
«Караганда Энергоцентр ЖШС-ның Қарағанды 3-ЖЭО-сын алдағы жылыту маусымына дайындау аяқталуға жақын, орындалуы 94% құрайды. 6 қазандық агрегатта және 5 турбогенераторда жөндеу жұмыстары аяқталды. №2 қазандық агрегатының жөндеу жұмыстары аяқталуда, іске қосудың жоспарланған мерзімі – 14 қыркүйек. №4 қазандық агрегаты мен №5 турбогенераторды күрделі жөндеу жалғасуда.
Станция басшылығы жаңа №9 қазандық агрегаты мен №7 турбоагрегат құрылысы бойынша жобаны 2027 жылға дейін іске асыру перспективалары туралы баяндады, бұл станцияның электр қуатын 120 МВт-қа және жылу қуатын 180 Гкал/сағ. арттыруға мүмкіндік береді.
Норма 20 тәулік болған кезде, көмірдің жинақталған қоры 335 мың тонна немесе 31 тәулікке жетеді.
Нысандарды аралағаннан кейін ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері мен станция басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Энергетикалық кәсіпорындарды алдағы жылыту маусымына тиісті сапамен дайындау ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тұрақты бақылауында.
- 23.09.2022
- 279