• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбеде Сазды, Жіңішке және Песчанка өзендерінің арналарын тазарту жұмыстары басталады

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Сазды су қоймасының, Песчанка және Жіңішке өзендерінің жағдайымен танысып, оларды қысқа мерзім ішінде тазартуды тапсырды.

Облыс басшылығы су тасқынына қарсы жол картасының жүзеге асырылуына байланысты мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр. Өңір үшін бұл бағыт 2022 жылғы көктемгі су тасқынынан кейін өзекті болып отыр.

Е. Тоғжанов: "Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - негізгі мәселе. Біз 2017 жылғы су тасқынының себеп-салдарын зерттеп, осы жылғы жағдайды зерделедік, сарапшылармен кеңесіп, өзен арналарының бірнеше шақырымын тазартуға кірісеміз деп шештік. Барлық жауапты органдарға тиісті тапсырмалар берілді",- деп атап өтті.

Өңір басшысы Сазды су қоймасын бойлай өсіп, көктемде ағысқа кедергі болатын қамыстан арнайы техникамен тазартуды тапсырды. Сол сияқты, Ақтөбе-Орск тасжолын кесіп өтетін көпір ауданындағы Песчанка өзенінің арнасына да қамыс пен арамшөп өсіп кеткен.  Песчанка өзені биыл көктемде 1993 жылдан бері алғаш рет көтерілді. Ал қазір суы тартылып, құрғап жатыр. 

Алдағы көктемде биік өскен шөп еріген қар суының ағысына кедергі болуы мүмкін. Осыған байланысты, облыс әкімі кемінде жүз адамды жұмылдыра отыра өзен арнасын тазартуға жедел кірісуді тапсырды. Жұмыс осы аптаның ішінде аяқталуы тиіс. Сондай-ақ, өткен көктемде мәселе туғызған Жіңішке өзені де облыс әкімінің назарынан тыс қалмады.

Жеңіс даңғылы ауданындағы Жіңішке өзені үстімен өтетін көпірді жөндеп бітірген соң мұнда көне көпірді бұзу жоспарланып отыр: тұрғындар осы сұрақты бірнеше рет көтеріп,  оның адам өмірі үшін қауіпті екенін айтқан.

Облыс әкімі өзен арналарын тазарту мақсатында ұйымдастырылатын шаралардан бөлек, Елек өзенінің жағасы (Набережный көшесі тұсында) абаттандырылып, тұрғындар демалатын аймаққа айналады деп күтіліп отырғанын жеткізді.

Е. Тоғжанов: "Жалпы, Ақтөбе қаласы арқылы өтетін алты өзеннің арнасын тазарту, түбін тереңдетіп, жағасын бекітетін жоба түзетуді қажет етеді. Қазір жобалық-сметалық құжаттама түзету енгізу үшін орталық мемлекеттік органдарға келісімге жіберілген. Оның қорытындысын күтіп отырмыз. Жоба жаңартылуы керек. 2023 жылдың көктемінде тұрғындарға қауіп туғызбас үшін су басу мүмкіндігін төмендету шараларын қабылдап жатырмыз.

Негізі көктемге дайындық қазір басталғаны жөн, қыс айларында мұндай жұмыстарды жасауға ауа райы қолайсыз, ал көктемде тым кеш болуы мүмкін. Осы аптада Сазды су қоймасы, Жіңішке және Песчанка өзендері бойынша нақты шешімдер қабылдауымыз керек. Халықты су тасқынының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан шаралардан толық хабардар етіп отыратын боламыз",- деп сөзін түйіндеді.

  • 25.09.2022
  • 277
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика