• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қобда ауданының 850-ден астам тұрғыны «Ауыл аманаты» жобасына қатысады

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қобда ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Өңір басшысының жұмыс сапары Қобда ауылындағы аудандық орталық аурухана мен элеваторды қараудан басталды. Екі нысан да штаттық тәртіпте жұмыс жасайды. Аурухана халық санына сәйкес  барлық қажетті жабдықтармен жарақтанған. Мұндағы екі мәселе – шалғай ауылдардағы медициналық пункт пен белгілі бір сала мамандарының жетіспеушілігі, яғни кардиолог, окулист, онколог және отоларинголог дәрігерлері жоқтың қасы.

Облыс әкімі денсаулық сақтау саласын дамытуға жіті назар аударылатынын атап өтті. Медициналық мекемелер желісін кеңейту мен медицина кадрларының тапшылығын жоюдың жүйелік сұрақтары кезең бойынша шешілетін болады.

Аудан әкімі Болат Құлов істің ағымдағы жағдайы жайында баяндады. Осы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісі мен бөлшек сауда көлемі төмендеген. Әлеуметтік-экономикалық дамудың басқа көрсеткіштері бойынша оң динамика тіркелді. Осылайша, негізгі капиталға 4,7 млрд.  теңгеден аса инвестиция тартылып, 19,4 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. 1,6 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылды. Бегалы ауылдық округіне қарасты Бесқұдық ауылында биылғы жазда Қазақстан деп аталатын орталық көшесіндегі ұзындығы 1,5 шақырымдық жолдың жөндеу жұмыстары аяқталып, сол жерге жарық қондырылды және  жаяу жүргіншілер жолы төселуде.

Өңір басшысы жұмысты уақытында тапсырып, сапаның стандарттарға сай келуін қамтамасыз етіп қана қоймай, жобаға өзінің де қаржысын салған «Сұңқар Ақтөбе 2005» ЖШС мердігер мекемесінің жұмысына жоғары баға берді. Қобда ауданы да облыстың өзге аудандары секілді 2023 жылы ауыл тұрғындарының табысын көтеретін «Ауыл аманаты» пилоттық жобасын жүзеге асыруға дайындалып жатыр. Скринингтің алдын ала нәтижелеріне сәйкес, оған ауданның 858 тұрғыны атсалысады. Бесқұдық ауылы жобамен қамтылатын елді мекендер қатарына енді. Ауылда барлығы 962 адам тұрса, оның ішінде 521 адам экономикалық жағынан белсенді тұрғындар қатарына жатады. Олардың 257-сі жұмысқа орналасқан, ал 264-і өз-өзін жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде ауылдың 106  тұрғыны мал шаруашылығын дамыту, жылыжай салу, ашық далада көкөністер мен бақша дақылдарын өсіру мақсатында жеңілдетілген несие алу үшін «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға ниет білдірген. Жобаның ауылды дамытып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтерудегі маңыздылығын атап өткен өңір басшысы аудан мен ауылдық округтердің әкімдеріне жоба қатысушыларына барынша қолдау көрсетуді тапсырды.

  • 25.09.2022
  • 251
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика