- Блогтар
- Қамбаров Қ.Т.
Қамбаров Қ.Т.
ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы
Жұмыс тобының отырысы өтті
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы алаңында 24-қыркүйек күні Жастар ресурстық орталықтары қызметінің қағидалары жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобы мүшелерінің алдын ала онлайн кездесуі өтті.
Топ құрамына жастар ресурстық орталықтарының, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитеті мен «Жастар» ҒЗО өкілдері кірді.
Алдын ала кездесудің қатысушылары мүмкіндіктерді кеңейтуге және ЖРО функционалына қойылатын ең төменгі талаптарды реттеуге арналған жобаның өзектілігін атап өтті.
Сондай-ақ, облыстық, аудандық және қалалық ЖРО функционалын бөлу бойынша идеялар мен ауылдық ЖРО үшін арнайы басымдықтарды бөлу қажеттілігі талқыланды.
Бұған қоса, мемлекеттік емес ЖРО пилоттық жобасының мүмкіндігін қарастыру көзделуде. Оның қызметі де дәл осы Қағидалармен реттелетін болады.
- 26.09.2022
- 186