- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Салық қызметкерлері қазақстандықтарға декларация толтыруға көмектеседі
Қайырлы күн, құрметті блог қонақтары!
ҚР Ұлттық экономика министрлігі «тиісті сақтық» қағидатын енгізуді ұсынады. Жоспарланған салықтық ынталандыру шаралары шеңберінде ведомство бірыңғай төлем құжаты арқылы еңбекақы төлеу қорынан төлемдерді төлеуді оңайлату мәселесін қарастыруда. Есептілікті алдын ала декларациялау ұсынылады. Яғни, салық органдары салық төлеушілерге декларацияны толтыруға көмектеседі. Бұл ретте ақпарат мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің дерекқорларынан алынатын болады. Сонымен қатар, «тиісті сақтық» қағидатын енгізу пысықталуда. Бизнесте салық төлеуші мәмілелер жасасудың дұрыстығына көз жеткізе алатын құрал пайда болады. Бұл бизнесті жосықсыз контрагенттерден – «жалған кәсіпкерлерден» қорғайды. Сондай-ақ, бухгалтерлік есепті алып тастау және жеке кәсіпкерлердің салықтық есебін жеңілдету ұсынылады. Бұл арнайы салық режимдеріне қатысты болады. Өз есебін цифрландырған салық төлеушілер үшін тексеру үшін тәуекел дәрежесін төмендету ұсынылады.
- 21.11.2020
- 323