- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Ұлттық экономика министрлігі ЦДИАӨМ цифрлық үкіметті қолдау орталығымен бірлесіп мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізуде
Бүгін Үкіметтің цифрлық кеңсесінде мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру мәселелері бойынша кеңес өтті.
Отырыс барысында Орталық Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрліктерінің тексеру кестелерін автоматтандыру прототиптерін таныстырды. Мамандардың айтуынша, жүйе адамның қатысуынсыз қалыптасады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, АШМ, ЭГТРМ желісі бойынша цифрландырудың проблемалық мәселелері талқыланып, өзара қолайлы шешімдер табылды.
Кеңес қорытындысы бойынша бұл мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Болашақта аталған жиындар кесте бойынша өткізілетін болады. Кеңестерде жекелеген мемлекеттік органдардың есептері тыңдалып, туындаған мәселелер кеңінен талқыланады деп жоспарлануда.
- 27.09.2022
- 179