- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
АЖҚС-та дизель отынын өткізуді есепке алатын ақпараттық жүйе қалай жұмыс істейді
2022 жылғы 15 қыркүйекте Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алатын ақпараттық жүйесі (МӨЕАЖ) базасында сараланған бағалар (өңірге байланысты литріне 230-260 теңге) бойынша дизель отынын сату үшін тұтынушылар деректерін верификациялау бойынша модуль іске қосылды.
«ҰАТ» АҚ ақпараттық жүйесі іске қосылған күннен бастап келіп түскен өтініштерге сәйкес еліміздің 2307 автожанармай құю станциясы (АЖҚС) үшін логиндер мен парольдерді ұсынды, оның ішінде 994 АЖҚС практикалық қолдануды бастады, яғни пайдаланушылар ретінде «кіруді орындады» және жалпы ел бойынша АЖҚС жүйесі арқылы 132 994 сатылым өткізді.
Дизель отынын сату кезінде жүргізушілердің ұсынылған құжаттары Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің және Мемлекеттік кредиттік бюроның деректер базасында тексеруден өтеді. Сатып алғаннан кейін бір мезгілде автокөлік иесіне және сақтандыру полисінде бар тұлғаларға 1414 қысқа нөмірінен отын сатып алу көлемі туралы ақпарат және бірегей кодты тағайындаумен лимит қалдығы туралы хабарлама келіп түседі, ол бойынша кейіннен сатып алудың барлық процесін бақылауға болады.
Жүйе іске қосылған сәттен бастап АЖҚС-та жүйеге қосылу үшін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырудың болмауына, көлік құралдарында қайта жабдықтау үшін тиісті рұқсаттың болмауына байланысты құқық бұзушылықтар анықталғанын атап өтеміз, сондай-ақ басқа көлік құралына тиесілі құжаттарды ұсына отырып, көлікке жанармай құю әрекетімен заңсыз іс-әрекеттер тіркелді.
Қазіргі уақытта әкімшілік айыппұл салу немесе белгілі бір мерзімге лимиттер беруді тоқтата тұру арқылы шаралар пысықталуда. Бұдан басқа, осындай жағдайларды барынша азайту үшін автомобиль нөмірлерін есептейтін бейнетіркеу жүйесінің көмегімен АЖҚС аймағында автомобильдерге бақылау жүргізу мәселесін пысықтау басталды.
2022 жылғы 26 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚР Энергетика министрлігінің Техникалық қолдау орталығы АЖҚС-тан 1500 өтінім бойынша жедел консультациялық көмек көрсетті, «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп жүйеге қосылған АЖҚС операторларын оқыту тұрақты негізде жүргізілуде.
Сондай-ақ операторлардың деректерді жүйеге енгізу бойынша жұмысын қысқарту мақсатында клиенттің деректерін автоматты түрде толтыру және лимитке онлайн беру мүмкіндігі үшін екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-қимыл бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жүйе арқылы алынған статистиканың негізінде болашақта мұнай өнімдерін жеткізу жоспарын және ел өңірлері бөлінісінде олардың мерзімдерін автоматтандыру мүмкін болады.
- 27.09.2022
- 167