• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда жүктерді тасымалдауға арналған көпфункционалды теңіз терминалдарының саны артып келеді

26 қыркүйекте облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жұмыс сапарымен Қарақия ауданына барды. Өңір басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы нысандарын аралады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен облыс әкімі "ЕрСай Каспиан Контрактор" ЖШС компаниясының жұмысымен танысты. Компания "ЕРС Холдингз" (Қазақстан) компаниясы мен С.п.М. Сайпем (Италия) арасында 2003 жылы 50/50 қағидаты бойынша құрылған. Компанияның негізгі қызметі мұнай-газ өнеркәсібіне арналған құрылыс қызметтері свайлар мен алауларды өндіру, құбыр эстакадаларын салу, модульдерді теңізде құрастыру, теңіз кен орындарында қосу және іске қосу жұмыстары болып табылады. Нысанның жалпы ауданы 221 га құрайды.
Компания жылына шамамен 22 мың тонна металл құрастырылымдарын өндірді. 2018 жылға дейін "Теңізшевройл" ЖШС тапсырысы бойынша мұнда 8000 — ға жуық адам жұмыс істеген, оның ішінде 800-Қарақия ауданының тұрғындары болды. Бүгінгі таңда нысанның жұмысы тұралап тұр.

Аймақ басшысы барған келесі нысан
Құрық ауылы аумағынан АГТС-нан «Сарша» жеріне дейін және «Жылы жағажай» курорттық аймағындағы «Риксос Ақтау» қонақ үйінің құрылысы болды. Құрылыс биыл басталды, аяқталу мерзімі 2023 жылы деп жоспарлануда.

Бұдан кейін облыс әкімі "SEMURG INVEST" ЖШС "Саржа"көпфункционалды теңіз терминалы құрылысының жобасымен танысты. Саржа КТТ қаладан 70 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы Құрық портында орналасқан. 2030 жылға дейінгі кезеңге жоспарланған инвестиция көлемі 98 млрд теңгені құрайды. Саржа КТТ құрамына кіретін 6 жаңа терминалдың құрылысы аяқталғаннан кейін мұнда 1700-ден астам жұмыс орны ашылады.

Өңір басшысы қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде бірінші кезекте Маңғыстау облысының тұрғындарына назар аудару қажеттігін атап өтті.

Осы жылдың қараша айында темір жол және инженерлік инфрақұрылымының, бас жүктер терминалының 1-ші кезегінің және жүк айлағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл жоба 2022 жылдың өзінде қазақстандық және транзиттік жүктердің қосымша көлемін ауыстырып тиеуді бастауға және кемінде 30 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Жұмыс сапары барысында "Құрық порты" ЖШС Бас директоры Серік Ахметов өңір басшысын паром кешені мен аумақтағы астық терминалының қызметімен, сондай-ақ кемелерге қызмет көрсету базасының жұмысымен таныстырды.

"Құрық порты" ЖШС Каспий теңізінің шығыс жағалауында, Ақтау портының оңтүстігінде орналасқан.
Паром кешені астықты, мұнай өнімдерін, тыңайтқыштарды, химиялық заттарды және жүктердің басқа да түрлерін ауыстырып, тиеуге бағытталған.
Биыл порттың өндірістік қуаты 1,5 млн тоннаны құрады. Бүгінгі таңда онда 218 адам жұмыс істейді.

"KASPI GRAIN WAY" ЖШС жобасын іске асыру Құрық портында астық және майлы дақылдарды ауыстырып тиеу бойынша заманауи астық терминалын құруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде елдің транзиттік-экспорттық әлеуетін арттырады және отандық шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал ететін болады. Жобаны іске асыру кезінде қазақстандық және халықаралық астық компанияларының тәжірибесі ескерілетін болады, еуропалық өндірушілердің техникалық жабдықтары пайдаланылады. Салынып жатқан сүрлемдер саны – 16, дайын сүрлемдер саны – 7. Пайдалануға берілгеннен кейінгі тұрақты жұмыс орындарының саны-30. Құрылыстың аяқталу мерзімі-2023 жыл. Жоба құны-4 млрд теңге.

Айта кету керек, Құрық – Жетібай трассасы Халықаралық көлік дәлізінің байланыстырушы буыны болып табылады.

Сондай-ақ, облыс әкімі жұмыс сапары барысында "Кендірлі", "Жыланды" заставаларының және Қарақия ауданы жағалау күзетінің "Жыланды" техникалық қадағалау бекетінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Содан кейін аймақ басшысы бастаған жұмыс тобы Қызылқұм елдімекеніндегі ауыл шаруашылығымен танысты. Жақсылық Ибаддулаев ауыл шаруашылығымен 1995 жылдан бастап айналысады және қазіргі уақытта "Рысбек"фермасының негізін қалаушы әрі иесі болып табылады. Фермер 32 гектар жерге алма, жүзім, қызанақ, қияр, қауын және қарбыз өсіреді. Шаруагердің өнімдерін Жетібай, Мұнайшы, Құрық кенттерінің және Ақтау қаласының тұрғындары тұтынады.

  • 28.09.2022
  • 216
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика