• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда қоғам қайраткері Ислам Жеменейдің шығармашылық кеші өтті

27 қыркүйек күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында Ислам Жеменейдің 70 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының құрметті азаматтары Сержан Шакратов, Тергеу Айдарханов, Қайролла Ережепов, Алматыдан арнайы шақырылған қонақ, банк саласының ардагері Жауғашты Нәбиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сабыр Адай қатысты.

Іс-шара барысында Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" кітабы таныстырылды. Аталған кітапты парсы тілінен қазақ тіліне аударған Ислам Жеменей.

Ислам Жеменей - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР мәдениет қайраткері, Халықаралық жазушылар «Pen klub» мүшесі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, мұсылмандар діни басқармасының, сондай-ақ «Тұрмағамбет» журналының ақылдастар алқасының мүшесі. Түркияда шығатын «Guncel sanat» журналының Қазақстандағы өкілі, Иран Ислам Республикасы «Фирдауси» атындағы ғылыми-зерттеу қорының ақылдар алқасы мүшесі, Өзбекстан Республикасы «Зәһиреддин Мұхаммед Бабыр» атындағы ғылыми-зерттеу қорының Қазақстандағы өкілі.

Шарада өңір басшысы Ислам Жеменейді 70 жылдығымен және кітаптың тұсаукесерімен құттықтады.

- Құрметті Ислам Ақмұратұлы,
қасиетті Маңғыстау өлкесіне қош келдіңіз! Сізді отанымыздың тарих ғылымының, сонымен қатар мәдениеті мен әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосып жүрген тұлға, азамат ретінде ерекше құрметтейміз. Алдымен, Сізді 70 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіз. Еліміздің Тәуелсіздік алған жылдарында елге келіп, ұлтымыздың ғылым саласына бір кісідей жұмыла араласып, бүгінде академик дәрежесіне дейінгі шыңға шықтыңыз. Сізді қалың оқырмандарыңыз шығыстанушы, парсы тілінің білгір маманы ретінде жақсы таниды. Салмақты зерттеулеріңіз бен тұшымды еңбектеріңіз отандық ғылым тарихында баға жетпес шығармалардың қатарында орын алады. Өзіңіздің көп жылғы маңдай теріңізбен тікелей аударып шыққан «Шахнама», «Тарих-и Рашиди», «Бабырнама» т.б. тарихи шығармалардың өскелең ұрпаққа берер рухани мұрасы әрдайым мол болмақ. Сіз поэзия əлемінде өзіндік орны бар, егемен еліміздің жарқын жетістіктерін жыр жолдарымен өрнектеген, талғамы биік оқырманның жоғары бағасын алған ақын, сара сөздің шебері ретінде әрқашан да құрметке лайықсыз. Сіздің қазақ руханиятына, жастарға әлі де береріңіз көп екеніне сенімдімін. Мерейтойыңыз құтты болсын!
Сізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық пен ортаймас ырыс-несібе тілеймін!,-деді Нұрлан Ноғаев

  • 28.09.2022
  • 199
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика