• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Аймақ басшысы "Sagun group" түрік корпорациясының өкілдерімен кездесті

27 қыркүйекте облыс әкімі "Sagun group" түрік корпорациясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуге Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, "Sagun Group" түрік корпорациясының вице-президенті Сагун Огулджан Кемал бастаған өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тараптар Маңғыстау облысында балық шаруашылығы саласында инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады.

"Sagun Group" түрік корпорациясы 1950 жылы құрылды. Корпорация ішкі және сыртқы нарықтарда тұтынуға дайын теңіз өнімдерін өсіру, өндіру, импорттау және экспорттау бойынша өз қызметін жүзеге асырады. "Sagun Group" өз өнімдерін 35 елге жеткізеді.

Бүгінгі таңда корпорацияға 8 түрлі компания, 11 аквакультура орталығы, Еуропа мен Түркиядағы алғашқы жеке теңіз өнімдері нарығы, сондай-ақ түрік және Еуропа нарықтарына балық және балық өнімдерін жеткізудің алғашқы жеке корпорациясын құрайтын 25 кеме паркі кіреді.

Өз кезегінде өңір басшысы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды, сондай-ақ өңір үшін маңызды кез келген ұсыныстар мен жобаларды қолдайтынын атап өтті.

- Қасиетті Маңғыстау жеріне қош келдіңіздер! Маңғыстау облысында балық шаруашылығын дамытуға қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Қолда бар әлеуетті ескере отырып, сондай-ақ балық шаруашылығы саласындағы түрік тарапының тәжірибесін назарға ала отырып, біз әрқашан осы бағытта инвестициялар тартуға және тәжірибе алмасуға дайынбыз. Қазақстанда балық шаруашылығын дамыту үшін су ресурстары жеткілікті екенін атап өткім келеді. Атап айтқанда, Маңғыстау облысында Каспий теңізінің бір бөлігінде немесе теңіз жағалауында тоған шаруашылығын ұйымдастыру арқылы албырт және бекіре тұқымдас балық түрлерін өсіру үшін мүмкіндігіміз бар. Бүгінгі таңда балық шаруашылығы саласында балық өсіру басым бағыттардың бірі. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Үкіметке балық өсіру және қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу және жер учаскелерін, инженерлік инфрақұрылымды ұсына отырып, өнімді жергілікті және халықаралық нарықтарда ілгерілету үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды. Осыған байланысты Үкімет балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдады. 2021 жылдан бастап біз оны іс жүзінде іске асыруға кірістік. Маңғыстау облысы бойынша 2030 жылға қарай балық өсіру көлемін жылына 30-дан 100 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Бұндай көлемде балық өсіру үшін балықты жоғары сапалы жеммен қамтамасыз ету маңызды. Біздің кездесуіміз және талқылауымыз осы бағыттағы өзара тиімді ынтымақтастық бойынша сындарлы ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Маңғыстау облысы үшін, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау, өсіру, өңдеу бойынша қажетті құзіреттері, білімі, озық технологияларға ие «SAGUN GROUP» компаниясымен байланысын нығайту өте маңызды,- деді Нұрлан Ноғаев.

Маңғыстау облысында бүгінде балық өсіру бойынша іске асырылып жатқан және жоспарланып отырған инвестициялық жобалар бар. Атап айтқанда, «Казах Осетр» ЖШС, «Каспиан Ривьера», «Industrial Fish Plant».

Сондай-ақ, биыл Маңғыстау облысы әкімдігінің жанынан балық шаруашылығын дамыту мәселелерімен тікелей айналысатын балық шаруашылығы басқармасы құрылды.

  • 28.09.2022
  • 219
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика