• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Самұрық-Қазына» қоры Ақтөбе облысында бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Самұрық Қазына» АҚ-ның  басқарушы директоры   Ғибрат Ауғановпен кездесті.

Кездесу барысында облыс әкімдігі мен «Самұрық Қазына» қоры әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестікті дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

— Бүгін ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум мен онда қарастырылған барлық шаралар облыстағы кәсіпорындарда еңбек ететін жұмысшылардың жағдайларын жақсартуға бағытталған. Аталған келісімнің өз деңгейінде жүзеге асырылуына жергілікті атқарушы органдар тікелей мүдделі, — деді облыс әкімі.

Меморандумға сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ әкімдікке, жұмыс берушілердің бірлестіктеріне және өңірдің ірі өндірістік компанияларының өкілдеріне, сондай-ақ кәсіподақтарға «әлеуметтік тұрақтылық индексін» айқындау жөніндегі тәжірибені таратуға жәрдем көрсетеді.Сондай-ақ қордың портфелдік компанияларымен уағдаластыққа сәйкес кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары мен келісім комиссияларының өкілдері үшін «Кәсіподақ белсенділерінің корпоративтік мектебі» жобасы аясында, оның ішінде коммерциялық негіздегі өтінім бойынша  олардың қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында оқыту семинарларын өткізеді.

Бұдан басқа, Ақтөбе облысының аумағында Қордың портфельдік компанияларында туындайтын әлеуметтік-еңбек саласындағы барлық даулы мәселелер Қор өкілдерінің қатысуымен реттелетін болады.

Өз кезегінде тығыз ынтымақтастық қарым-қатынасқа дайын екендігін жеткізген Ғибрат Ауғанов:

— 2017-2022 жылдар аралығында Ақтөбе облысында көптеген әлеуметтік жобаларымызды жүзеге асырдық. Ол үшін 1 миллиард 700 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да бірге жүзеге асыруға дайынбыз. Биыл да бірқатар жобаларымыз бар. Әкімдік пен үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен түрде іске асырамыз, — деді.

  • 30.09.2022
  • 270
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика