• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов ұстаздар күні қарсаңында үздік педагогтар мен білім саласының ардагерлерімен кездесті. Жиналғандарды құттықтаған аймақ басшысы ұстаздың әрбір адам мен жалпы қоғам өміріндегі алатын орны ерекше екенін атап өтті.

«Әр адамның артында ұстаз тұрады. Сондықтан ұстаздар Тәуелсіздік тұғырында еліміздің туын желбіретті десек артық болмас. Өскелең ұрпаққа халқымыздың баға жетпес жетістігі – Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау – әрбір қазақстандықтың басты міндеті екенін ұғындыру керек. Ол үшін қайратты, намысшыл, рухы биік жастарды тәрбиелейтін орта керек. Ал мұнда мұғалімнің рөлі өте жоғары. Ел болашағын сезінетін, оның намысын қорғап, мемлекетіміздің туын биікке желбірететін ұл-қыздарымызды тәрбиелеп отырған – ұстаздар», – деген Е.Тоғжанов ұстаздар қауымына сіңірген еңбегі үшін алғысын білдірді.

Жиын барысында ұлттық-патриоттық тәрбие беру, педагогтардың біліктілігін арттыру және білім сапасының өзекті мәселелері талқыланды. Саладағы жетістіктерді де сөз етті.

Мәселен, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша облыста 26 балабақша мен 6 мектеп пайдалануға берілмек. Барлығы 4,4 млрд теңгеге 14 мектептің құрылысы жүргізілуде. Қосымша білім берумен оқушылардың 78,5%, ал балабақшалар 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың 100% қамтылған. 814 млн теңгеге 6 ауылдық колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Колледждерде білім алуға мемлекеттік тапсырыс көлемі 5350 орынға дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар, өткен жылғы республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының құрама командасы ең үздік олимпиадалық команда атағын иемденді.

Облыс әкімі мектеп оқушыларының білім деңгейін арттырудың оң серпінін сақтау қажеттігін айта келе, Жаңа Қазақстанның қалыптасуындағы ұстаздың рөлі жоғары екенін атап өтті.

  • 04.10.2022
  • 258
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика