• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс XXХV конференциясы өтті

30 қыркүйек күні «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының
кезектен тыс XXХV конференциясы өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, «AMANAT» партиясы Манғыстау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Нұрбек Қарасаев, қала, аудан конференцияларынан ұсынылған 104 делегаттың 100 делегаты қатысты.

Күн тәртібінде «AMANAT» партиясы саяси тұғырнамасының жобасы талқыланып, партияның кезектен тыс XXIV съезіне делегаттар сайлау және «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының саяси кеңесінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер қаралды.

Партияның саяси тұғырнамасы туралы «AMANAT» партиясы Манғыстау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Нұрбек Қарасаев баяндады.

-Әрбір адам лайықты білім мен медициналық көмек алуға, жеке қауіпсіздігінің қорғалуына, ыңғайлы әлеуметтік орта мен жайлы үйде тұруға құқылы. Біз тың идеяларға ашық, сыни және креативті ойлай алатын, ізденімпаз, өмірін білім мен кәсіби қабілетін жетілдіруге арнауға дайын азаматтарды тәрбиелеп шығаруымыз қажет. Бұл – зияткер, озық ойлы ұлтты қалыптастырудың негізгі алғышарты. Денсаулық, медицина саласында кезек күттірмейтін мәселелер аз емес.
Азаматтардың жоғары стандартты, сапалы медициналық ем қабылдауына мүмкіндік жасау керек. Біз қоғамымыздағы жалақы аздығы мәселесін шешуіміз керек.
Біз жұмыссыздықтың нақты статистикасын жүргізіп, онымен күресетін боламыз. Барлық тәжірибеміз бен қабілетімізді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамашы болған түбегейлі реформаларды табысты іске асыруға бағыттаймыз. Ертеңгі болашаққа нық сеніммен қадам басамыз,- деді Нұрбек Қарасаев.

Екінші мәселе бойынша аймақ басшысы сайланған депутаттарға сәттілік тіледі.

-Өздеріңізге белгілі қыркүйек айының басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өкілеттілік мерзімін қысқарту және кезектен тыс Президент сайлауын өткізу арқылы елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертуге ниетті екендігін жариялады. Ал 21 қыркүйек күні биылғы 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. «AMANAT» партиясы өзінің кезектен тыс Съезін өткізуге шешім қабылдады. Қазіргі таңда барлық бастауыш партия ұйымдарында тиісті жиындар мен барлық аумақтық филиалдарда кезектен тыс конференциялар өткізіліп, облыстық кезектен тыс конференциясына 104 делегат сайланды. Бұл сіздерге көрсетілген үлкен сенім. Сол сенімді ақтайды деп үміттенеміз,-деді Нұрлан Ноғаев.

 

  • 06.10.2022
  • 235
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика