• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына орай жылжымалы көрме ашылды

4 қазанда Әбіш Кекілбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған "Бай, қуатты болайық!" жылжымалы көрмесінің
ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Нұртілеу Иманғалиұлының жары Қарлығаш Советбекқызы, белгілі өлкетанушы Отыншы Көшбайұлы, сондай-ақ өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты.

Өз кезегінде өңір басшысы Нұртілеу Иманғалиұлының телевизия саласында өшпес із қалдырып, халқымыздың рухани-мәдени байлығын дамытуға зор үлес қосқанын атап өтті.

-Құрметті жиынға қатысушылар, құрметті Қарлығаш Советбекқызы!
Бар ғұмырын телевизияға арнаған Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған «Бай қуатты болайық!» жылжымалы көрмесінің ашылуымен баршаңызды құттықтаймын.
Бұл көрме Маңғыстауға дейін еліміздің басқа өңірлерінде қойылып, халық назарына ұсынылып біздің төрімізде жалғасуда. Нұртілеу Иманғалиұлы - саналы ғұмырын журналистика саласына арнай жүріп, өзінен кейінгі буынды тәрбиелеуге зор үлес қосқан азамат. Оның әлеуметтік мәселелерге арналған авторлық бағдарламалары халықтың жадында мәңгі қалды. Ол өзінің жарқын бейнесімен сауатты сұхбаттар жүргізіп, талантты және танымал тұлғалығын сақтап, қалың көрерменді өзінің ерекше бағдарламалары арқылы көгілдір экран алдына жинап, еліміздің тележурналисикасының дамуына елеулі үлес қосты. Бүгінгі басқосуда арамызда ағамыздың жары Қарлығаш Советбекқызы отыр. Қасиетті Маңғыстау жеріне қош келдіңіз! Әбіш Кекілбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайында ашылған көшпелі көрме жас ұрпақтың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін қалыптастыруға зор үлес қосатынына сенімдімін,- деді Нұрлан Ноғаев.

Нұртілеу Иманғалиұлы өмірінің 45 жылын телевизия саласына арнаған журналист. 2003 жылдан 2006 жылға дейін Үкімет аппаратында, содан кейін Президент әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарды. 2006-2007 жылдары - "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік Қоғамының басқарма төрағасы, ал 2008 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін басқарма төрағасының кеңесшісі болып еңбек етті.

Ол екі рет Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар "Парасат" ордені, "Ерен еңбегі үшін" медалі, "ҚР еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы стипендиясын иеленді. Ол Қазақстан Журналистер Одағының үш дүркін, сондай-ақ "Майталман" номинациясы бойынша "Nur Otan" партиясының "Нұр Сұңқар" байқауының лауреаты.

Нұртілеу Иманғалиұлы еңбек жолында көгілдір экраннан 4500 хабар таратып, "Құрдастар", "Жастар дауысы", "Арай", "Жадыңда ма, жолдас", "Айна", "Жас Жігер", "Бетпе-Бет", "Қолтаңба", "Діңгек", "Көршілер", "Заң сөйлесін" және т.б. авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрерменнің есінде қалды.

  • 06.10.2022
  • 278
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика