• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында "Азаматтық орталық" ашылды

4 қазан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында өңірдің азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шара аясында өңір басшысы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қолайлы жағдай жасау мақсатында ашылған "Азаматтық орталықтың" жұмысымен танысты. Орталықта коворкинг-аймақ, ҮЕҰ өкілдеріне арналған диалог алаңы, отбасылық кабинет, сонымен қатар семинарлар мен тренингтерге арналған кабинеттер бар. Ішкі саясат басқармасының көмегімен ашылған орталықтың міндеті - үкіметтік емес ұйымдарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсету, азаматтық қоғамның бастамаларын дамыту және ұлғайту бойынша жұмыс жүргізу. Бұл орталықта ҮЕҰ өкілдері бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.

Үкіметтік емес ұйымдар - қоғамдық бақылаушы және қоғамдағы әр түрлі секторларды байланыстырушы көпір рөлін атқарушы, сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізуші орган.

-Азаматтық қоғамды дамытуға қашанда мүдделіміз. Азаматтық қоғамның жандануына үлес қосатын бірден-бір құрылым – үкіметтік емес ұйымдар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», деген болатын. Сондықтан халық пен атқарушы биліктің ортақ мүдде орайында ықпалдасуының маңызы зор. Себебі азаматтық қоғамның белсенді болуы адам капиталын, әлеуметтік-экономикалық дамудың, демократиялық құндылықтардың ел игілігіне айналуының негізгі алғышарттарының бірі. Өңірімізде белсенді үкіметтік емес ұйымдардың санын арттыруға жұмыстану керек. Біз әрқашан олардың бастамаларына, тың идеяларына әкімшілік қолдау көрсетуге дайынбыз,-деді Нұрлан Ноғаев.

Кездесу барысында ҮЕҰ өкілдері осы күнге дейін атқарылған жұмыстар туралы баяндап, азаматтық қоғамды дамыту бойынша пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ сұрақ алмасып, өңір басшысымен өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылады.

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында ресми тіркелген 752 үкіметтік емес ұйым бар, оның қазіргі уақытта 323-і жұмыс істейді.

Өткен жылы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыста 36 әлеуметтік жоба іске асырылса, биыл олардың саны, гранттық жобаларды қоса алғанда, 47-ге жетті.

  • 06.10.2022
  • 268
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика