• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда алғаш рет спорттық және жауынгерлік самбодан ашық Азия Кубогы басталды

7 қазан күні Ақтаудағы «Маңғыстау арена» спорт кешенінде спорттық және жауынгерлік самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы ашық Азия Кубогының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Халықаралық дәрежедегі спорт шарасына Өзбекстан мемлекетінен келген, самбодан Азия федерациясының президенті – Муллаев Аламжон, Азия төрешілер алқасының төрағасы – Адилов Ислом, Қырғызстан мемлекетінен жарыстың бас төрешісі – Ларенов Александр, жарыстың бас хатшысы – Туменов Муфтулла сынды құрметті қонақтар қатысты.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев спорт жанашырларын, аймақ тұрғындарын дүбірлі доданың басталуымен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.
-Самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында өтетін ашық Азия Кубогының басталуымен құттықтаймын! Дүбірлі додада бақ сынайтын барлық спортшыларға, келген қонақтарға Маңғыстау өңіріне қош келдіңіздер деймін. Спортшылар да, көрермендер де көңіл сергітіп, осы күндері керемет әсер алуға тілектеспін. Жарыс жоғары дәрежеде өтеді деген үміттемін. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бұқаралық спортты дамытуға жергілікті атқарушы органдарға үнемі тапсырма берілуде. Осы тапсырмалардың орындалу нәтижесі ретінде аймақта спорт нысандары жаңадан бой көтеріліп, заманауи жөндеуден өтіп, спортпен айлысамын деушілерге жағдай жасалынып келеді. Осындай жұмыстардың арқасында қазақстандық спортшылар үлкен жетістіктерге жетуде. Маңғыстау облысында да осы үрдіс жарасымды жалғасын табуда. Бұқаралық спортты қолдау одан әрі қарай да жалғаса бермек, - деген аймақ басшысы облыста спорттың бұл түрінің қарқынды дамып келе жатқанын да ерекше атап өтті.

Аталған шара қазанның 10-ына дейін жалғасады. Оған әлемнің 13 елінен 200 ден астам спортшы қатысуда.

Алғашқы күні жеңіске жеткендер марапатталды. Олар 50 келі салмақтағы қазақстандық Айжан Жылқыбаева, 58 келіде Ерлан Оңалов. 80 келіде Гүлсім Қазанова мен 98 келі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Егінбаев та алтыннан алқа тақты.

Айта кетейік, самбо күресі Маңғыстау облысында 2014 жылдан бастап қарқынды дами бастады. Сонымен қатар Ақтау және Жаңаөзен қаласынан бөлек, аудандарда бөлімшелер ашылып, қазіргі таңда самбо күресімен тұрақты шұғылданатын спортшылардың саны 600 ге жетіп отыр. Оның ішінде 7 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 45 спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебері, 300 спортшы спорт шеберіне үміткер, 420 спортшы -І,ІІ,ІІІ разрядты спортшы, 60 адам спорт төрешісі санаты атақтарына ие.

  • 08.10.2022
  • 345
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика