• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбеде Есет батырдың 355 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтуде

Ақтөбе облысында Есет батыр Көкіұлының 355 жылдығы тойлануда. Ұлы қолбасшының құрметіне арналған негізгі мерекелік шаралар Есет Көкіұлының кесенесі мен қорымы орналасқан Алға ауданы Бестамақ ауылының маңында өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген шара қонақтары киіз үйлерден дәм татып, ат жарысы мен Есет батырдың ерлігін баяндайтын театрландырылған көріністерді тамашалады. Қазақ тарихында аты аңызға айналған тұлғаның рухына тағзым етуге келгендердің қатарында белгілі мәдениет қайраткерлері Асанәлі Әшімов, Ілия Жақанов, Алтынбек Қоразбаев, Несіпбек Айтұлы, Жүрсін Ерман, Қасымхан Бегманов, Өмірзақ Озғанбаев, Ақұштап Бақтыгереева, Бауыржан Жақып және тағы басқалары бар.  

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов еліміздің тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрескен батырлардың ерліктерін еске алу ұрпақ парызы екенін баса айтты.

«Тарихы терең қарт Ақтөбенің киелі топырағында кіндігі кесіліп, жауда батырлық, дауда шешендік танытып, халқының бостандығы мен ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін сақтау жолында жанқиярлық ерлік көрсетіп тұлғалық деңгейге көтерілген ұлдары  аз емес. Осындай - ел басына күн туғанда  халқымыздың бағына біткен, батыл да байыпты мәмілегер, саясаткер, елдің бірлігіне ұйытқы бола білген, қол бастаған батырымыз  –    Есет Көкіұлы.  Есет батыр бүкіл өмірін халқының азаттығына арнаған, ерлік жолы ұлт тарихына алтын әріппен жазылған тұлға. Біз Есет батыр бабамыздың тарих сахнасындағы ерекше ерлігі мен еңбегін ұрпақ санасына ұялата білуіміз қажет. Жаңа Қазақстанда туған жерінде адал еңбегімен тұлпар мініп ту тіккен, қол бастаған бабалардан қалған мұра – киелі отанымызды толағай табыстардың, берекелі ырыстың бастауына айналдырған батырлар көп болсын» – деп атап өтті Е.Тоғжанов.

Халық әртісі Асанәлі Әшімов мұндай шаралардың өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, ұлттық тәрбие беру үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Мен қазақ болып туғаныма қуанамын, әсіресе, оның өнерін қуғаныма қуанамын. Сахнадан, экраннан жақсы кейіпкерлер жасап, өмірге қайта туа аламын. Қазақтың кең, байтақ жеріне қуанамын. Мен әрқашан халықпен біргемін. Есет батыр барша халыққа, әсіресе, жас, өскелең өзінің ерлік істерімен ұрпаққа үлгі», – деді А.Әшімов.

Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев шараға дайындықтың жоғары деңгейін атап өтті.

  • 10.10.2022
  • 268
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика