• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Маңғыстауда жыл басынан бері инвестициялық және ұлттық жобалар аясында 9700 жұмыс орны құрылған

11 қазан күні Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен болған аппарат жиынында өңірдегі жұмыссыздықтың алдын алу жайттары пысықталды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында сөз алған Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопановтың айтуынша, биылғы 9 ай қорытындысы бойынша облыста 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған. Оның ішінде инвестициялық және ұлттық жобалар аясында жобалар аясында 778, ұлттық жобалар аясында 8 919 жұмыс орны.

-Жыл басынан бері халықты жұмыспен қамту орталықтарына 34 мыңнан астам адам хабарласып, 22 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 3 900 адам жолданып, 653 адам жаңа бизнес- идеяларды іске асыруға 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз гранттар алды. Дегенмен, жұмыспен қамту бойынша көрсеткіш төмен аудандар да бар. Олар Ақтау, Жаңаөзен қаласы және Бейнеу ауданы, - деді басқарма басшысы.

Аймақ басшысы жұмыссыз азаматтардың көбеюі жұмыс жоқ дегенді аңғартпайтынын, сондықтан жұмыссыздықты шешудің оңтайлы жолдарын тиімді пайдалану керек екенін жеткізді. Ол үшін тұрғындарды шағын және орта бизнес, өнеркәсіп, туризм сияқты салалардағы жұмыспен қамту мүмкіндіктері жайлы құлағдар ету керек.


Жиында көтерілген тағы бір мәселе – азық-түлік бағасын тұрақтандыру. Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаеваның айтуынша, аймақта биыл әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында 436 меморандум жасалған.
Президентінің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарымен бірлесіп, сауда базарларындағы 11 кәсіпкерге және 2 супермаркет иелеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауараларына үстеме ақысын асырғаны үшін әкімшілік ескерту хаттамалар толтырылған. Маңызды азық-түліктердің бағасын тұрақты ұстау мақсатында қосымша 1,6 млрд теңге бөлінген. Тұрақтандыру қорында және «айналым механизмі» бойынша барлығы 7,7 мың тоннаны құрайтын 16 түрлі тауардың қоры қалыптасқан.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлікт бағасын тұрақтандыру бойынша Президент тапсырмалары нақты, дұрыс орындалуы қажет екенін айтты.

Жиын қорытындысы бойынша, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.

  • 11.10.2022
  • 365
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика