• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алты айда Қазақстанның Каспий маңы елдерімен тауар айналымы $12,3 млрд. құрады

Бүгін Сколково инновациялық орталығында (Мәскеу) ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Каспий маңы мемлекеттерінің экономикалық ведомстволарының басшыларымен бизнес-таңғы аста кездесті.

Ол екінші Каспий экономикалық форум қатысушыларына ілтипат білдіріп, мұндай кездесулердің байланыс орнатуға және нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

«Бүгінде әлемнің геосаяси картасында Каспий аймағының маңызы айрықша. Біздің өіңрде ірі әлемдік ойыншылардың мүдделері қиылысады. Осыған байланысты аймаққа мұқият назар аударылатыны туралы ұмытпау керек», - деді Ә.Қуантыров.

Каспий маңындағы 5 елдің үшеуі, яғни Қазақстан, Әзірбайжан мен Түркіменстан теңізге шыға алмайтыны белгілі

«Сондықтан Каспий біз үшін маңызды су жолы және транзиттік ресурс болып табылады», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі.

Ол Қазақстан барлық әлем үшін ашық екенін және Каспий маңы елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше мән берілетінін атап өтті.

«Қазақстанның Каспий маңы елдерімен тауар айналымы ағымдағы жылғы 6 айда өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,4%-ға өсіп, $12,3 млрд. құрады», - деді министр.

Сонымен қатар, ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялар ағынының оң серпіні байқалады (2005-2022 жж. $19,1 млрд. құрады).

Сондай-ақ, ҰЭМ басшысы Қазақстан өңір елдері арасындағы тауар айналымын арттыруға мүдделі екенін атап өтті.

«Біз көлік бағыттарын әртараптандыруға ерекше назар аударамыз, өйткені қазіргі геосаяси жағдай дәстүрлі логистикалық тізбекті өзгертті. Транскаспий халықаралық көлік маршрутының байланыстырушы дәлізі транзиттік және сыртқы сауда жүктерін жүзеге асыру бойынша тамаша үлгісі болып табылады. Басқа бағыттардың әлеуетін арттыру үшін Солтүстік-Оңтүстік дәлізін дамыту жөніндегі бірлескен жол картасын әзірлеу ұсынылады», - деді ҰЭМ басшысы.

Оның сөзінше, Каспий маңы елдерінің кооперациялық жобаларды дамыту, өзара инвестиция көлемін ұлғайту үшін үлкен әлеуеті бар. Бүгінгі таңда Транскаспий бағытын дамыту мақсатында Қазақстан Ақтау мен Құрық Каспий маңы порттарының жүк әлеуетін арттыруда. Сондай-ақ, Әзірбайжан, Грузия және Түркиямен тарифтік саясатты үйлестіру мәселесі талқыланды.

Қазақстан Ақтау портындағы көлік-логистикалық орталық болып табылатын «Каспий маңы азық-түлік хабы» инвестициялық жобасын қарауды ұсынды. Бұл жоба елдер арасындағы тауар қозғалысын айтарлықтай жеңілдетеді.

Ағымдағы жылдың маусым айында Ашхабадта Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы азық-түлік хабын құруды ұсынды.

Сөзін қорыта келе, Әлібек Қуантыров көлік-логистикалық және инвестициялық-экономикалық белсенділіктің артуын ескере отырып, барлық елдер табиғи байлықтарды болашақ ұрпаққа сақтап қалу үшін планетаның маңызды экожүйесі ретінде Каспий теңізінің биологиялық және басқа да ресурстарына ұқыпты қарау керектігін айрықша атап өтті.

  • 12.10.2022
  • 223
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика