• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әшірбеков А.Б.
Аграрлық несие корпорациясы ауыл кәсіпкерлеріне жеңілдетілген шағын несиелерді бере бастады

Аграрлық несие корпорациясы Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауылдағы кәсіпкерлікті қаржыландыруды бастады. Биыл ауыл мен шағын қала тұрғындарына шағын несие беруге 40 миллиард теңге бөлінеді.

Жеңілдетілген шағын несиені Қазақстанның ауылдық елді мекендері мен шағын қала тұрғындары ала алады. Шағын несие тікелей несиелеу немесе несие серіктестіктері мен микроқаржы ұйымдарын қорландыру арқылы беріледі.

Бағдарлама шарты бойынша несиенің сомасы:

- мал шаруашылығын дамытуға – 5 млн теңгеге дейін, зәкірлік кооперацияны дамытуға – 12 млн теңгеге дейін;

- басқа ауыл шаруашылығы бағыттарына – 6 млн теңгеге дейін, зәкірлік кооперацияны дамытуға – 10 млн теңгеге дейін.

Шағын несие мерзімі – 5 жылға дейін; мал шаруашылығы саласындағы жобаларға – 7 жылға дейін. Жеңілдетілген кезең – несие мерзімінің 1/3 дейін.

Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан бастап), несие серіктестіктері мен микроқаржы ұйымдары үшін жылдық 2% (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – жылдық 2%-дан бастап), бұл ретте, түпкі қарыз алушыға номиналды мөлшерлеме – жылдық 6%-ға дейін (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан бастап).

  • Ауыл кәсіпкерлері үйден шықпай-ақ 6 млн теңгеге дейінгі шағын несиеге онлайн өтінім бере алатынын айта кеткен жөн. Тек интернет болса болғаны. ЖСН арқылы фермер www.agronesie.kz платформасына кіріп, тіркеліп, несие мақсатын таңдап, кепіл берушінің мәліметтерін енгізіп, өтініш жібере аласыз. Мемлекеттік және басқа да деректер базасымен бірігу кепілді онлайн бағалауға және 10 минут ішінде несиені алдын ала мақұлдау туралы жауапты жіберуге мүмкіндік береді, - дейді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Төлегенов.

Соңғы бес жылда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында ауыл кәсіпкерлері корпорация арқылы жалпы сомасы 267,3 млрд теңгеге 63,5 мың қарыз алды.

Шағын несие туралы толық кеңесті облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан Аграрлық несие корпорациясының филиалынан алуға болады. Телефон нөмірлері www.agrocredit.kz сайтында.

Анықтамалық ақпарат:

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Компанияның  бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады.

  • 13.10.2022
  • 382
Әшірбеков А.Б.

«Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика