- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
ҰЭМ басшысы Павлодар облысы кәсіпкерлерімен шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады
Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Ә.Қуантыров бизнес қоғамдастықпен кездесті.
Жиында ШОБ-ты дамыту, оның ішінде кәсіпкерлердің құқығын қорғау, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, электр энергиясы тарифтері, қосылған құн салығы мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, жергілікті кәсіпкерлер қоғамдық тамақтану саласын жылумен, бау-бақша серіктестіктерін сумен қамтамасыз етуді және қайта өңдеушілерге салықтық жеңілдіктерді қарастыруды сұрайды.
Барлық көтерәдген проблемаларға қатысты министр өз пікірін білдіріп, әрбір мәселе жеке қаралатынына сендірді.
Бұдан басқа, ҰЭМ басшысы ШОБ-қа көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндады.
«Мәселен, биыл Павлодар облысындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға 13,5 млрд теңге бөлінді. Ағымдағы жылғы 4 қазандағы жағдай бойынша, 590 жоба жалпы сомасы 66,9 млрд теңге кредитпен субсидияланды. Ал берілген кепілдіктер көлемі 6,9 млрд теңге», - деп нақтылады ол.
Бұдан әрі, ведомство басшысы Павлодар облысы әкімдігінің ахуалдық-талдау орталығына барып, Павлодар қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты.
- 14.10.2022
- 246