• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Yessenov University-де академик Шахмардан Есеновтің 95 жылдығына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Бүгін, 14 қазан күні Yessenov University-де геолог, академик Шахмардан Есеновтің 95 жылдығына арналған «Ғылыми жаңғыру: Тұлға мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Конференцияға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Yessenov University-дің президенті Берік Ахметов, осы университтеттің директорлар кеңесінің мүшесі Мақсұтбек Есенов, Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми қорының операциялық директоры Ирина Грищенко, Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Балтабек Қуандықов, геология-минералогия ғылымдарының докторы Герой Жолтаев, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ профессоры Әділхан Байбатша, сонымен қатар басқа да қонақтар мен университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының өкілдері қатысты.

Мерейтой академик Ш.Есенов ескерткішінің алғашқы тасын қалау рәсімінен басталды.

– Бүгін бәріміз тарихи сәттің куәсі болдық. Академик Шахмардан Есенов ескерткішінің алғашқы тасын қою рәсімі өтті. Академиктің жан-жақты еңбектері жастарымыз тарапынан лайықты бағаланып, кеңінен қолдау тауып жатқаны бізді қуантады.
Құрметті Есеновтер әулеті, ұлы тұлғаның ұрпағы болу – мақтаныш қана емес, үлкен жауапкершілік екені белгілі. Шахмардан Есенов атындағы ғылым мен білімді қолдаудың халықаралық қорының жұмысын жүргізіп келе жатқандарыңызға қуаныштымыз. Ескерткіш бұл университеттің оқытушылары мен студенттеріне рух берсін, – деді Нұрлан Ноғаев.

Шахмардан Есенов - қазақ-совет геологы, пайдалы қазбалар саласының маманы, қоғам және мемлекет қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының профессоры (1967).
Шахмардан Есенов академик Қ.И.Сәтбаевтың шәкірті. 1952-1960 жж. Үлкен Жезқазған тау-кен өнеркәсібінің шикізат бөлімін ашу және бағалау бойынша геологиялық барлау жұмыстарын басқарды.

Бұдан бөлек, оның артында 100-ден астам ғылыми еңбектері бар. Сондай-ақ 1965 жылы жарияланған Қазақстанның кеңейтілген ауқымды геологиялық картасын жасауға қатысты.

Бүгінгі конференцияның мақсаты – академик Ш.Есеновтің еліміздегі ғылымның дамуына қосқан ғылыми үлесіне қатысты өзекті мәселелер мен ерекшеліктерін қарастыру және талқылау; ғылыми идеялар мен мұраларын жан-жақты насихаттау; ғалымның өмірі мен қызметі арқылы еліміздің өскелең ұрпағын патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми алаңын құру.

Конференцияда «Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені. перспективалары», «Академик Ш.Есеновтің Маңғышлақ қойнауының байлығын игеруге қосқан үлесі», «Қазақстан аумағындағы пайдалы қазбалар болжамының шлейф-тектоникалық теориялық негіздері» атты баяндамалар тыңдалды.

Айта кетерлігі, биыл білім ошағында академиктің мұражайы ашылды. Мұражайда ғалымның өмірбаяндық құжаттары, түрлі экспонаттар, фотосуреттер, кітаптар, марапаттары мен әр кезеңде алынған жеке заттары қойылған. Мұражай экспонаттары ғалымның өмірі мен ғылыми қызметі туралы жан-жақты мағлұмат береді. Мұражайда өңіріміздегі мұнай саласының дамуын көрсететін қызықты материалдар да бар.

  • 14.10.2022
  • 226
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика