• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда меценаттар “Жомарт жүрек” сыйлығымен марапатталды

14 қазан күні Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен дәстүрлі «Жомарт жүрек» сыйлығын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Жомарт жүрек» жобасы Маңғыстауда жыл сайын өткізіліп келеді. Аймақтағы атымтай жомарттардың өнегелі істерін қоғамға үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған бүгінгі салтанатты шарада алдымен облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сөз алып, игі бастамаларға қолдау білдіріп жүрген азаматтарға жылы лебізін жеткізді.

-«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсіміне қош келдіңіздер. «Жомарт жүрек» қайырымдылық сыйлығын табыстаудағы мақсат - қайырымдылық қызметінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген меценаттарды табу және ынталандыру, оларға өзгелердің назарын аудару арқылы қоғамда жақсылықты, мейірімділікті насихаттау. Өлкеде осы жобаны іске асыру мен ілгерілету процесіне өңірдің белсенді азаматтары ерекше белсенділікпен, жігерлілікпен қатысып, азаматтық тұлғасын қалыптастырған жандар белсенді атсалысуда. Облыс меценаттарының қаржылай қолдауымен шалғай ауылдар абаттандырылып, демалыс бақтар, аллеялар, ескерткіштер, балалар ойын алаңдары салынып, әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Қайырымдылық – рухани құндылықтарды материалдық дүниеден жоғары қою дегенді білдіреді. Олардың ісін осылай өзгелерге үлгі етіп отыру – адамгершілікті, мейірімділікті насихаттау болып табылады, - деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

Салтанататты шарада «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша «Айком ЛТД» басшысы Иса Бимырзаев, «Өзенмұнайгаз» АҚ басқармасының инженер-технологы Асқар Ноғаев, «Рәббім құрылыс» ЖШС директоры Рәббім Борашев марапатталды.

«Жыл меценаты» таңдауына – «Ана» жекеменшік бөбекжай бақшасының меңгерушісі Джулдибаева Балғаным, «ISG» ЖШС директоры Таги Тагиев, “Альянс ЛТД ЖШС” директоры Асқар Керелбаев лайық деп танылған.

«Туған өлке» марапатына – «Ақ жол құрылыс» ЖШС директоры Асылбек Жолдыбаев, «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары Олег Ли, «Берекет-Ф» ЖШС директоры Зарета Фаталиева ие болды.

Ал, «Жылдың үздік ұйымы» болып Мұнайлы аудандық «Үммет жастары» қоғамдық қоры, «ИнтегроСофт» ЖШС өкілдері бастаған топ, “Бейнеу шуағы” ұйымы анықталды.

«Жылдың үздік қамқоршысы» - «ОңдасынСтрой» ЖШС директоры Бердіқожа Боранбаев, «Жасыл әлем» МКК директоры Қошқарбай Матиков, Жаңаөзен қалалық орталық мешітінің бас имамы Юнус Асга.

Салтанатты шараның жалғасы мерекелік бағдарламамен ұласты.

  • 14.10.2022
  • 233
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика