• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қадірлі қарияларымызға құрмет көрсетілді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қарттар айлығына орай, өңіріміздің дамуына елеулі үлестерін қосқан қазыналы қарияларымызға мерекелік дастархан жайып, сый-құрметін білдірді және облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып жүрген бірқатар ардагерлерді марапаттады. 

Көңілді әнмен тербеген салтанатты шараға облысымыздың барлық өңірлерінен қариялар шақырылды. Өңір басшысы алдымен аймақтың дамуына және экономикасын нығайтуға сүбелі үлес қосқан қарияларға алғысы мен жүрекжарды лебізін жеткізді. Сонымен қатар, 25 қазанда Республикасы күні мерекеленетінін және 20 қарашада Қазақстан Президентінің сайлауы өтетінін атап өтті.

Өңірімізде Ұлы Отан соғысының ардагерлері қазір жоқтың қасы. Бүгінде от пен оқтың ортасынан аман келген  тоғыз ардагер ғана қалыпты. Ал, тылда талмай еңбек еткендердің саны екі мыңға жуықтайды. Жалпы, облыс бойынша 111 мыңнан астам зейнеткер бар. Қазіргі таңда өңіріміздегі 10 медициналық мекеме қарттарды оңалту жөнінде қызмет көрсетеді. Өмір сүру сапасын жақсарту үшін 9 арнаулы қызмет көрсету орталығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.  Онда қызмет алушылар үшін барлық жағдай жасалған. Облыс бойынша 31 мың 226 адам 235 миллион теңгенің бір жолғы әлеуметтік көмегін алған. Оған қоса, облысымыздың қарқынды дамып келе жатқанына да тоқталған өңір басшысы, тоғыз айдың қорытындысына сәйкес, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші бойынша республикада бірінші орында тұрғанымызды жеткізді. Өңірімізде 16 мың жаңа жұмыс орны ашылған.

– Сіздерді ризашылық сезіммен даналық және мейірімділік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Осы ай бойы әжелеріміз бен аталарымызға ұзақ жылдар бойы тағылымды еңбектеріңіз, іс-тәжірбиелеріңіз үшін көптеген жылы лебіздер айтылады, – деген өңір басшысы қоғам қайраткері Қайыргелді Әкімбековті «Еңбек ардагері» медалімен марапаттады. Одан әрі жергілікті қарияларға қолдау танытып, жүйелі көмек көрсетіп келе жатқан Ерейментау, Сандықтау аудандары мен Степногорск қаласының үздік бастауыш ардагерлер ұйымдары ақшалай сертификаттарға ие болды.

Сондай-ақ, еліміздің егемендігі жолында еселі еңбек еткен ардақты ардагерлеріміз Болат Мұқанов, Серік Аяғанов, Ермек Нұғыманов, Сабыржан Мұсабеков, Қабділбар Абақов, Александр Мартыненко, Оралбек Бекішев, Фарида Есжановаға облыс әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

– Биыл 5,5 миллион тонна дәнді және бұршақ дақылдар қысқа мерзімде жинап алынып, әр гектардан 11,8 центнерден өнім алынды. Бұл біздің облыс үшін үлкен жеңіс, – деп атап көрсетті Ермек Боранбайұлы. –Тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Тек Көкшетау қаласында ғана емес, Степногорск, Қосшы қалаларында, аудан орталықтары Есіл, Ерейментау, Жақсы, Жарқайың, Аршалы, Зеренді, Ақкөл, Бұланды қалаларында да тұрғын үйлер салынуда.

Иә, даналықтың, шынайы патриотизмнің, туған жерге деген сүйіспеншіліктің үлгісін көрсетумен келе жатқан аға ұрпақты құрметтеу – халқымызға тән қасиет екені даусыз. Салтанатты шарада қарияларға ақ дастархан жайылып, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

  • 17.10.2022
  • 297
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика