• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ералы Тоғжанов Мәртөк ауданына барды

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Мәртөк ауданында жұмыс сапарымен болып, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру жұмыстарымен және «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға дайындық барысымен танысты. Скрининг нәтижесі бойынша «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасына құрамында бір ауылы бар Қаратоғай ауылдық округі енгізілді. Қаратоғай ауылында тұратын 1600-ден астам адамның 871-і экономикалық белсенді халық санатына жатады. Сонымен қатар 192 қаратоғайлықтың тұрақты табысы жоқ, жеке кәсіппен айналысады. Алдын ала мәліметтер бойынша, «Ауыл аманаты» аясында ауыл тұрғындары жеке қосалқы шаруашылықтар негізінде мал және егін шаруашылығын дамытуға жалпы сомасы 204 млн.теңгеге 80 жобаны жүзеге асыруда. Олар ауылдағы үйлерін кепілдікке қойып, небәрі 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие ала алады. Соның нәтижесінде Қаратоғайдағы жұмыссыздар саны 30,3 пайызға азайып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың айлық табысы орта есеппен 2,4 есеге артып, 173 мың теңгеге өседі. Ірі қара және ұсақ мал басы, құс шаруашылығы айтарлықтай өседі.

«Жобаға қатысатын барлық жеке қосалқы шаруашылықтар кооперативтерге бірігуі керек. Бұл ретте әрбір жеке қосалқы шаруашылық кооперативке құрылтайшы ретінде енуі тиіс. Бұл өте маңызды. Бір құрылтайшы болса, әрі қарай жұмыс жүрмейді. Шынымен жұмыс істеймін дегендер жақсы нәтиже көрсетсе, 1 гектарға дейін қосымша жер беру керек», - деді облыс әкімі жобаны талқылау барысында.

Биыл Қаратоғай ауылын абаттандыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өңір басшысы Мәдениет үйінің құрылысымен танысты. Мердігерлер 350,8 шаршы метрді құрайтын ғимаратты мерзімінен бұрын биылғы желтоқсан айында пайдалануға беруге уәде берді. Сондай-ақ, «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында ауылдағы 20 көшенің 7-не бірден асфальт төселді. Айта кетейік, бұл - ауыл тарихындағы ең алғаш рет асфальтталған жолдар. Сондай-ақ, жол құрылысы жүріп жатқан көшелерде көше жарық шамдары ұзақ қызмет ететін және электр қуатын үнемдейтін заманауи жарықдиодтарға ауыстырылуда. Жол құрылысы жұмыстарын аяқтау келер жазға жоспарланған.

Қаратоғай тұрғындары көптен бері Елек өзені арқылы ауылдан Ақтөбеге дейінгі қашықтықты 40 шақырымға дейін қысқартатын көпір салуды сұрап келеді. Қазіргі уақытта халық облыс орталығына Мәртөк пен Родниковка арқылы өтетін екі жолмен 100 шақырымдай жол жүріп, жетіп жүр. Облыс әкімі бұл мәселе мұқият зерделеуді қажет ететінін атап өтті. Өйткені, жол үшін бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам қаражат қажет.

Қаратоғай ауылының маңында құм, қиыршық тас өндіретін карьерлер бар. 2015 жылдан бастап «ПГС-Қаратоғай сбыт» ЖШС игеріп келеді. Кәсіпорын өкілдерімен әңгімелескен облыс әкімі олардың алдына әлеуметтік жауапкершілікті арттыру мақсатында жақын маңда орналасқан елді мекендердің тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және абаттандыруға атсалысу міндетін қойды.

  • 18.10.2022
  • 245
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика