- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
"Қазгидромет" РМК суық жартыжылдыққа маусымдық болжам жасады 2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы наурызға дейін
Маусымдық болжам жылына алты рет шығады: 1 рет жылы жарты жылдыққа арналған болжам, 1 рет суық жарты жылдыққа арналған болжам, олар Қазақстан Республикасының 17 облысы бойынша қыс, көктем, жаз және күзге арналған 4 тоқсандық болжамдармен нақтыланатын болады.
Қараша айында республиканың бүкіл аумағындағы ауа температурасы климаттық норма шамасында болжанады, жауын-шашынның таралуы келесідей күтіледі: ҚР батыс жартысында нормадан аз, шығысында - нормаға жуық.
Барикалық түзілімдер мен синоптикалық процестердің жиі өзгеруімен бір ай ішінде ауа температурасының ауытқуы, тұман және көктайғақ құбылыстары болжанады, ал қар жамылғысының орнатылуымен және елдің солтүстігінде желдің күшеюімен бұрқасын болуы мүмкін.
Қарашаның бірінші онкүндігінде әлі де жылы ауа райы сақталады, алайда айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағына Солтүстік теңіз, Батыс және Шығыс Сібір аудандарынан суық ауа массалары жиі енетін болады. Толығырақ https://www.kazhydromet.kz/weather/konsultativnyy-prognoz-pogody-na-sezon
- 19.10.2022
- 197